Алғашқы тікұшақ — Тарих бөліміндегі материал.
Материал — Алғашқы тікұшақ, Сикорский, Ақш, VS-300 — осы тақырыптарға байланысты.
1924 жылы алғашқы тікұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 1938 жылы АҚШ Конгресінде сенатор Ф.Дорси тікұшақ құрастыруды ұсынады. Барлық сенатор Дорсиді қолдап, алғашқы тәжірбиелік тікұшақ құрастыруды Америкадағы танымал әуе құрылғыларын құрастырушы И. И. Сикорскийға тапсырады. Сикорский үлкен іске кіріспес бұрын, сынақ ретінде оның көтергіш қалақтары мен басқару жүйесінің стендін жасап алады. Оның жұмысқа қабілеттілігіне көз жеткізгеннен кейін ғана келісім беріледі.

1939 жылдың қыркүйек айында VS-300 (немесе S-46) тікұшағы құрастырылады. Оның сызбасы ауытқуды реттейтін үйкелмелі көтергіш үш топсалы механизмнен тұрады. Тікұшақтың көлденең және бір жағына қисайып ұшатын қасиеті арнайы механизммен басқарылады. VS-300 тікұшағының фюзеляжы (ұшақтың корпусы) болат құбырлардан жасалған. Ал корпусына тікұшақтың артқы аралығы болат құйылып жапсырылған. Бірақ бұл тікұшаққа ұрыс кезінде қарсыласты атуға арналған қару тіркелмеген.
1939 жылы 14 қыркүйекте VS-300 тікұшағымен И. И. Сикорский ұшып байқап көреді, бірақ, тікұшақ жерден лезде көтеріліп кетеді. Қауіпсіздік үшін алдын ала тікұшақты жерге төрт қысқа сым арқанмен тартып, қадап қояды. Алғашқы 1-2 минутта қалақ тербелісінің әсерінен көп қиындық туады. Нәтижесінде,1939 жылы желтоқсан айының соңында тікұшақ ұшу кезінде аударылады, абырой болғанда, ұшқыш аман қалады.
1941 жылы S-46 тікұшағын сынау жұмыстары жалғасын табады. Аталған жылдың сәуір айында бұл тікұшақ ұшу ұзақтығы бойынша Америкада рекорд жасайды (1 сағат 5 минут 14,5 секунд) және су бетімен ұша алатынын дәлелдейді. VS-300 тікұшағы, 1 сағат 32 минут 40 секунд бойына тоқтамастан ұшып, әлемдік рекорд жасаған.
Ал 1942 жылы VS-300 тікұшағына ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде, стабилизаторы (ұшақтың я дирижабльдің теңдігін сақтайтын аспап) мен фюзеляжы, қалақтары зерттеуден өткізілген. Осыдан кейін, 1943 жылдың күзінде VS-300 тікұшағымен Сикорский Бриджпорт қаласынан Дирборн қаласына дейін өзі ұшып келіп, Форд мұражайына тапсырған. Әлемде үлкен тікұшақтарды құрастыру осы оқиғадан кейін белең алды.
Бұл бетте Алғашқы тікұшақ тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Тарих бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Алғашқы тікұшақ материалы Тарих бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
Ерболат
Қызықты мәлімет жазбайсыңба