“Қызыл кітапта” дүниежүзінде жоғалып кету қаупі бар ерекше қорғалатын жануарлар мен өсімдіктер жазылған. Кітапта ерекше қорғалатын өсімдік мен жануар атауы ғана емес, сонымен қатар олардың қазіргі саны мен жағдайы да көрсетіледі. “Қызыл кітапқа” енген жануарлар мен өсімдіктер ерекше қорғалуы керек. Әр елдің өз “Қызыл кітабы” бар. Кей мемлекетте бұл кітап заң құжаты түрінде қолданылады, яғни онда жазылған жануар мен өсімдікті бүлдірсе, қылмыскердің қалай жазаланатыны да бекітілген. Қызыл кітаптың қара, қызыл, сары, жасыл, сұр және ақ түсті беттері бар. Қара беттерде жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кеткен түрлердің тізімі беріледі. Мысалы, енді ғаламшарымызда теңіз сиыры жоқ. Қызыл беттерде жойылу қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер тізімі беріледі.
“Қызыл кітапқа” енген жануарлар:
Қызыл қасқыр-Қазақстан аумағында жойылып кеткен түр. Қызыл кітапқа енген бұл жыртқыш Тянь-Шань мен Алтайдың биік жоталарында тараған. Қызыл қасқыр негізінен таудың жоғарғы белдеуінің жартасты шатқалдарында, субальпі және альпі шалғындықтарда, сырттар, үстірт тәрізді таулы далалы және орманды учаскелерде, әсіресе теңіз деңгейінен 2500-4000 м биіктікте мекендейді. Қасқырдың бұл түрі барлық жерде өте сирек кездеседі. ХХ ғасырдың басында бірнеше рет Тарбағатай мен Жоңғар Алатауында табылған. Бірақ, соңғы 40 жылда республика аумағында осы жануардың бірде-бір кездесуі тіркелмеген(Уикипедиядан алынған)
Қабылан - Бұл түр өте сирек кездесетін жыртқыш. Қабыландар түрлі типтегі шөлдерде мекендейді. Және олар тропиктік және субтропиктік аймақтардағы ормандарда, тау беткейлерінде, жазық далалар мен саваннада, өзен бойындағы тоғайларда тіршілік етеді. Қабылан қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жоғалып кету шегіне жетті, мүмкін жоғалып та кетті(Уикипедиядан алынған)
Шағыл мысығы - Қазақстанның жануарлар әлемінде кездесетін саны аз, сирек түр. Шағыл мысығы Қазақстанда Маңғышлақ түбегінде және Үстіртте тараған. Бұл мысық Қарынжарық және Сам құмдарында өмір сүруі мүмкін. Сондай-ақ, барлық Қызылқұмды солтүстіктен Сырдарияға дейінгі аумақты мекендейді. Шағыл мысығының Қазақстандағы таралу аймағы оңтүстіктің құмды шөлін алып жатыр. Олар көбіне құмды шөлдерді, әсіресе қыратты, белесті, негізінен бекітілген құмдарда мекендейді. Қазақстанда нақты саны белгісіз (Уикипедиядан алынған)
Қалқан асаймұса - Қазақстанда сирек кездесетін түр, өзінің таралу аймағы Қазақстанның солтүстік шекарасында өседі. Қырғыз Алатауының батыс бөлігінде – Мерке және Қайынды тау сайларының баурайларында кездеседі. Бұта биіктігі 3 метрге дейін, жапырақ пішіндері әр түрлі және көптеген ақшыл қызғылт түтік тәрізді гүлдері қалқан тәрізді гүл шоғырына жиналған. Бұтақтары ерекше – қабығы алтыға бөлінген ұзыншақ қабырғалы(Уикипедиядан алынған)
Шолпашаш Сүмбілі - Қазақстанда өте сирек кездесетін түр. Жекелеген оқшау популияциялары Жоңғар Алатауы, Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. көлеңкелі ылғалды ізбесті және сарқырамаға жақын, жылғалар жағалауындағы тау жыныстары шатқалдарында өседі(Уикипедиядан алынған)
Сары лапыз-лапыздар тұқымдасына жататын Қазақстанда сирек кездесетін түр. Анда-санда тек Батыс Тянь-шаньда (Талас Алатау, Қаржантау мен Угам жоталары) кездеседі, мұнда оның таралу аймағының солтүстік шекарасы өтеді (Уикипедиядан алынған)
Әрине, мен тек 3 жануарды мен 3 өсімдік талдадым, Бірақ 'Қызыл кітапта' осындай сияқты, сирек кездесетін жануар мен өсімдік өте көп! Қызыл кітаппен толық танысуға шақырамын!Сирек жануарлар мен өсімдіктерді қорғайық!
Кенесов Бағлан
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі