1. НЕЛІКТЕН СІЗ ДИКТОР, ДУБЛЯЖ АКТЕРІ АТАНДЫҢЫЗ?
Бұл саланы таңдаған себебім, бұл менің сүйікті ісім. Алғашқы кезде хобби ретінде айналыссам да, қазіргі таңда бұл менің жұмысыма айналып отыр. Сонымен қатар, қазақ тілін дамытуға өз үлесімді қосқым келді. Әлемдік деңгейдегі фильмдер, аниме, мультфильмдерді, әр түрлі контенттерді қазақ тілінде сөйлеткім келді. Сондықтан осы саланы таңдадым.
2. СІЗДІҢ КЕРЕМЕТТЕЙ ҚОҢЫР ДАУЫСЫҢЫЗ ТАБИҒАТТЫҢ БЕРГЕН СЫЙЫ МА ӘЛДЕ,ҮЛКЕН ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ МЕ?
Бұл сұраққа былай жауап бергім келеді: табиғаттың берген сыйын ары қарай дамыту арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Диктор болу немесе дубляж саласында әдемі дауыстың болуы жеткіліксіз. Сондықтан бұл тәжірибе арқылы келетін дүние.
3. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ЕЛІМІЗДЕ ДИКТОРЛЫҚ ЖӘНЕ ДУБЛЯЖ САЛАСЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ДАМУДА?
Қазіргі кезде бұл сала қарқынды даму үстінде. Біз жас маман болғандықтан, осы үрдістің жаңа толқыны ретінде бұл саланың дамуына өз үлесімізді қосып жатырмыз. Бұрыңғы деңгейге қарағанда қазір әлдеқайда алдыға жылжу байқалады. Бірақ сонда да әлемдік деңгейдегі шет елдік фильмдерді қазақ тіліне дубляждау тек 1-2 компаниямен ғана жүріп жатыр. Мысалы, жаңадан шығып жатқан фильмдер толықтай қазақ тіліне дубляждалып жатыр деп айта алмаймыз. Осы мәселені жоғары жақтан бастап қарастыру қажет деп есептеймін.
4. ШЕТ ЕЛДІК ДИКТОРЛАРДЫ, ДУБЛЬЯЖ АКТЕРЛАРЫН БАҚЫЛАЙСЫЗБА? ЖӘНЕДЕ СІЗ ҮЛГІ ТҰТАТЫН ДИКТОРЛАР ҚАНДАЙ?
Әрине бақылаймын. Шет елдік фильмдер, мультфильмдерді дыбыстайтын актерлердің жұмысын қарап, өзімізге анализ жасаймыз. Олардың тәжірибелерін қолданып көруге тырысамыз. Диктор болсын дубляж актері болсын әрдайым ізденісте, өзге де мамандардың жұмыстарын бақылап жүруі тиіс деп ойлаймын. Нақты үлгі тұтатын дикторлар осы деп тізіп айта алмаймын. Себебі әр диктор, актерді тыңдау арқылы өзімізге түртіп алатын жақтары болады. Ол тізімде әрине өзіміздің осы салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан аға-әпкелеріміз де бар.
5. ӨЗІҢІЗ ДУБЛЬЯЖ ЖАСАҒЫҢЫЗ КЕЛЕТІН ФИЛЬМДЕРДІ АЙТА КЕТСЕҢІЗ
Болашақта шығатын Marvel, Disney туындыларын дубляж жасауға қатысқым келер еді.
6. ЖУРНАЛИСТИКА МАМАНДЫҒЫН ЯҒНИ ДИКТОРЛЫҚ САЛАНЫ ТАҢДАҒАН ЖАНДАРҒА КЕҢЕСІҢІЗ
Тек бұл емес, кез-келген сала болсын, барлық жандарға айтқым келетіні сүйікті істеріңізді, мамандықтарыңызды таңдаңыздар. Әр саланың өз қиындықтары бар. Бұл саланы таңдайтын болсаңыз әрдайым өз-өзіңізбен жұмыс жасауыңыз қажет.
ОСЫМЕН СҰХБАТ АЯҚТАЛДЫ, ОҚЫРМАН СІЗГЕ ҮЛКЕН РАҚМЕТ!
Нұрділла Асылжан
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі