Сонау ықылым заманнан бері қай халықты алып қарасақ та, сол елдің өсіп-өркендеу жолында баспасөз маңызды рөл атқарғанын аңдаймыз. Тасқа қашалып жазылған әрі сарғайған парақтардағы алтын жазулардың құны мен мәні ешқашан жоғалмайды. Бұл пікіріме тарихымыздан белгілі қазақтың Ленинграды атанған «Торғай» газеті дәлел бола алады. Торғай газеті 1895 жылдан бастап шығып, 15 жыл сын сағатта ұлы киелігі арқылы халық алдындағы өз мақсатын орындады. Яғни, дәл осы күні дүниеге барша қазақтың жоқтаушысына айналған «Торғай» газеті келді. Сан мәрте ақсап барып, жүрелей жүріп орнынан қаз тұрып кеткен бұл газеттің редакторы Ә. Балғынбаев болды. Оның басты мақсаты қаймана қара қазағын өрге сүйреп, ойраны шыққан ордасын қайта тігіп, мемлекеттік түсінікті халықтың санасына ұялату болды. Тек қана басшы болып басқарып отырмады, газет беттеріне халық санасына ой саларлық мақалалар жариялап, тіпті, орыс тіліндегі материалдырды қазақ тіліне аударған.
Ауылдарда мектептер ашу, сауатсыздықты жою мәселелерімен айналысқан Ә. Балғынбаевтың бастамасымен ашылған бұл газетте қандай мәселелер көтеріліп, қандай ақпараттар айтылды? Мысалы, оның осы газеттегі алғашқы қызметі «Қарабұтақтағы қыздардың орыс қазақ училищесінің ашылуы» мақаласынан бастау алды. Бұл мақаласы арқылы Ә. Балғынбаев біріншіден, қазақ қыздарының білім алуын, оқып, білім үйренгенін қалайтындығын айтса, екіншіден әйелдердің теңсіздігі жайлы өзекті тақырыпты қозғайды. Торғай өңірінде орыс-қазақ қыздар училищесі, сол сияқты қол өнер училищесі де жастарға білім берген. Оларда Ахмет Балғынбаев ұстаздық еткен. Сол 1895 жылдың өзінде Торғай өңірінде көптеген ауылдық мектептер жұмыс атқарып, халыққа білім берумен айналысқан екен. Сонымен қатар барша халыққа пайдалы материалдар араб әліптерімен қазақ тілінде жарияланып тұрады. Ащы шындықтарды, саяси мақаларды әзілмен түсіндіре алатын фельетон мен әдеби материалдар жарияланып отырды. Дәлел ретінде «Тургайская газетаның» 1904 жылғы 48-санынан бастап Ә. Балғынбаевтың бастауымен жарияланған «Қырғыз (қазақ) тұрмысының очерктері қазақ қоғамындағы тозығы жеткен әдет-ғұрыптарды, денсаулық сақтау ісіндегі кемшіліктерді, қазақтардың тұрмысы мен қиындықтарын фельетон жанры арқылы қазақ еліне паш етті. Өткенге көз жүгіртсек, қазақ тіліндегі мақалаларды жариялау осы "Торғай" газетінен бастау алаған десем еш қате айтпағаным. Бұл газетте біздің алып тұлғаларымыз, ұлы ақындарымыз жайлы қаншама деректемелер жазылды.
Дана ойлы Ғафу ақын «Торғай қазақтың Ленинграды» деп міне, бекерден бекер айтпаса керек. Газеттің 58 санындағы бір мақалада Торғай губерниясы бойынша А. А. Кравсцев және тағы басқаларының бастауымен кедей, мұқтаж жандарға көмектескені жайлы, қоғамда болып жатқан індетпен барынша күресу жолдары баяндалады. «Торғай газеті» көбінесе ел мен жердегі байлықты, ел тірлігін, бейбіт өмір сүру керек екендігін жазған. Ресейдің кем-жақсылықтарын насихаттай отырып, отарлау саясатын тереңнен жазу болған. Өткен ғасыр басында ұлт мұраты, ел мүддесі қатаң сынға түскен кезең болғандықтан, сол тұстағы зиялы қауым өкілі қазақ жұртының да өркениетті елдердегідей сауатты болуын қалап, ең бірінші ұйқыға кеткен қоғамның саяси сауатын ашуға белсене кіріскен болатын. Осы бағытта ұлттың жоғын жоқтайтын, ұлттық идеяны, бостандық пен еркіндікті насихаттай алатын баспасөздің рөлі ерекше сезілген еді.
Қорытындылай келе айтарым, ел бірлігі сыналар тұста «Торғай газеті» халыққа демеу бола алды, қазақтың мүддесін қорғауда аянып қалмады. Дәл осы газет мірдің оғындай өткір сөздерімен қазақтың санасын оята алды, ел тәуелсіздігі мен дербестігі үшін шырылдады. Міне, сол себепті тарихтың талай дүрбелеңін басынан кешірген бұл газет халықтың жаншылып біткен ауыр бейнесін, қайғы мен мұңға, өкінішке толы ауыр халін газет беттеріне түсіру арқылы, дәл осы сынаққа толы қиындықтан шығу жолын іздеді. Жылдар бойғы езгіден қажып, рухани қалжырай бастаған қазақ даласында ұлттың еңсесін көтеруге үндейтін, ұлттық идеяны насихаттайтын «Торғай» секілді газеттер біздің мәңгілік рухани азығымыз болып қала береді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Қ. Бекхожин “Қазақ баспасөзінің даму жолдары”
2. Қ. Бекхожин “Қазақ баспасөзінің тарихының очеркі” (1860-1958) Алматы “Мектеп” 1981
3. Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918). Ғылыми монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2000. -358 бет
Қалдыбаева Балғын Қайратқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 1-курс
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі