Өлең, жыр, ақындар

Журналистік шеберлікке қару болар - талпыныс

Ұтымды тақырып оқырман көңілін аулап,бірден оқуға  әсер етеді. Кейде журналистер ұтымды тақырып қоя бермейді. Мысалы, «Қонаевтың балалық шағы қайда өтті?»-деген тақырып мүлдем аса тарта қоймайды. Оқырманныңжазылған мақаланы оқуына қойылған ұтымды тақырыптың да  әсері бар. Дәл осы тұста ұтымды қойылды деген тақырыптың біріне журналист Берік Бейсенұлының «Ана тілі» газетіне жариялаған «Орыс тілі – дүниенің кілті емес», деген мақаласын алсақ болады. Сондай-ақ, «Жылтырағанның бәрі алтын емес», - демекші, шебер қойылған «алдамшы» тақырыптар болады. Алайда ішіне үңіліп, оқып қарасаң, іліп алар ештеңесі жоқ.

Журналистің мақсаты – кез-келген ақпаратты тек шындыққа сүйене отырып беру. Оқырманға ақпаратты шынайы фактіге сүйене отырып бермесе, журналист деген атақтан не хайыр. Әрқашан мақаласын жазбас бұрын нақты дәлел іздеуі шарт. Егер нақты дәлел болмаса, ойына келгенін жазса, жай ғана блогерден ешқандай айырмашылығы болмағаны. Әрине. Себебі, көлгірсіген көп сөзден нақты дәлел мың есе артық. «Әсері жоқ сөз – өлі сөз»-, деп бекер айтылмаған.

Журналист мақаласы тапқыр, әрі қайталанбаған болуы абзал. Заман дамып БАҚ көздері көбейгелі, кей ақпараттың адам санасына берері аз және ойға түртіп алардай сөздері болмай жатады. Оқырманды қайталанған мақаламен қызықтыру мүмкін емес, егер ұтымды тақырып қойылғаннан кейін берерің жоқ болса, жазудың да мәні аз. Мысалы, сұхбат барысында сұрақтар дұрыс құралмаған немесе тереңінен зерттелмеген болса, онда жауаптың қаймағына жете алмайсың. Тапқыр жазылған мақала тек оқылымды болып қоймай, ұлтқа тәрбие беретін болады. Тапқыр жазылған шығарманың маңыздылығы да осында. Халық перзентіБауыржан Момышұлы айтқандай: «Заман – теңіз. Теңіз түбінде шабақ та жүреді, шортан да жүзеді». Бәрі бірдей шебер журналист бола бермейді. Кей журналистерде осы айтылғанның бәрі болмауы мүмкін, бірақ талаптанса шеберлікке ұмтылуға еш кедергі жоқ!

Ахметқазы Бекзат Болатұлы, Журналистика факультетінің 2-курс студенті


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз