Дұға — бұл мүминнің қаруы, оны барлық жамандықтан сақтайтын оқ өтпес сауыты іспеттес. Бұл турасында Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Сендерге дұшпаннан қорғайтын әрі ризықты молайтатын бір нәрсені айтайын ба? Күндіз-түні Аллаһу та’алаға дұға етіңдер. Өйткені, дұға — мүминнің қаруы» — деген болатын.
Адамның дұға тілеу кезінде ықыласты болуы да өте маңызды. Қалағанын «Бол!» деп қана болдыра салатын Аллаһу та’аланың әр нәрсеге күш-құдіреті жететінін, Ол үшін мүмкін емес нәрсе жоқ екенін жүрекпен сезініп, мойындаған мұсылманның шын тілеген дұғасын Аллаһу та’ала қабыл алады, себебі құлының қолын бос қайтаруға ұялады. Сондықтан, әрбір амалымыздың ішкі ниетімізге байланысты екендігін ұмытпауымыз керек.
«...Жақындадым да «Механик, готов к полету» дедім, ол маған парашютты кигізе бастады. Мен парашюттың ременьдерін тағып тұрып «Лә хаулә уә лә қууәта иллә билләһил алийл азим, мә шәә аллаһ кәнә, уә мә ләм йәшә ләм йәкун, әл имәну – иқрарун биллисәни, уә тасдиқун бил-қалби би мәә жәә биһи мин индилләһи Мухаммадур Расулуллаһи саллаллаһу алейһи уәсәллам» - дедім, механик маған қарайды, сол дұғаны оқып алдым, маған оқ тимейді. 300-305 рет осы дұғаны оқыдым. Сол дұғаның құдреті болдығой, сонымен аман қалдым. Бір самолетті де жоғалтпадым, бір ұшқышты да жоғалтпадым».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Болат
ойланатын нәрсе екен
Дәмір
Соңғы кезде қатты керек дұға екен!