Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Философия және Саясаттану факультеті

Кіріспе:

Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 14 факультет бар. Олардын бірі Философия және саясаттану факультеті. Бұл факультеттің тарихына тоқталатын болсақ:

Философия және саясаттану факультеті 1991 жылы ашылды. 1991-2007 жылдар аралығында  факультетте декан қызметін атқарған саяси ғылымдар докторы, профессор Бұрханов Қ. Н. және философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғ. Есім. 2007 жылы философия және саясаттану факультетінің деканы болып әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Шаукенова З. К. тағайындалады. 2010-2011 жылдараралығында Философия ғылымдарының докторы, профессор Құлсариева А. Т. декан болды. 2011  жылдан 2021 жылға дейін факультетті философия ғылымдарының докторы, профессор Масалимова А. Р. басқарды. Қазіргі таңда Философия және саясаттану факультетінің деканы болып философия ғылымдарының кандидаты, доцент Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы сайланды. Факультет ашылғалы көптеген қиындықтардан өтті, алайда факультет ұжымы әрдайым қиындықтардың шешу жолдарын тауып, дамуына, өркендеуіне және жетілуіне үлкен үлесін қосты. Қазіргі таңдағы Философия және саясаттану факультеті сол ұжымның жеңісі және тоқтамай жасаған еңбектерінің жемісі деуге болады.

Факултеттін құрылымы жайлы айтып кететін болсақ: Факултетте 2 үлкен дәріс залы бар, 300 ден астам аудитория және оқу залы,кітапхана, үлкен мәжіліс залы бар. Алты кафедра бар олар:

  1. Философия кафедрасы.
  2. Саясаттану және Саяси технологиялар кафедрасы.
  3. Педагогика және Білім беруді басқару кафедрасы.
  4. Жалпы және Қолданбалы психология кафедрасы.
  5. Әлеуметтану және Әлеуметтік жұмыс кафедрасы.
  6. Дінтану және Мәдениеттану кафедрасы.

Философия және саясаттану факультетінде қандай мамандықтар бар?

Философия және Саясаттану факультетінде 10 түрлі мамандық бойынша мамандарды дайындайды. Олар:

  1. Педагогика және психология.
  2. Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану.
  3. Философия және этика.
  4. Дінтану.
  5. Исламтану.
  6. Әлеуметтану.
  7. Мәдениеттану.
  8. Саясаттану.
  9. Психология.
  10. Әлеуметтік жұмыс.

Бұл мамандықтарға қалай түсуге болады?

1. Педагогика және психология мамандығына түсу үшін ең алдымен «ҰБТ» да «Биология, География» пәндерін таңдайсыз. Бұл мамандыққа мемлекеттік грантқа түсу үшін шектік бал «89» , егер,   ауыл квотасы бар болған жағдайда «80». Ақылы оқуға түсу үшін «80» бал жеткілікті.

2. Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығына түсу үшін «ҰБТ» да «Биология, География» пәндерін таңдайсыз. Бұл мамандыққа мемлекеттік грантқа түсу үшін шектік бал «80», ауылдық квотамен «80». Ал ақылы оқуға түсу үшін «80» бал жеткілікті.

3. Философия және этика мамандығы бойынша оқуға түсу үшін «ҰБТ» да

«Дүниежүзі тарихы, География» пәндерін  таңдайсыз. Мемлекеттік грантқа түсү үшін «85» бұл шектік  бал. Ал ақылы оқуға тісу үшін «80» бал.

4. Дінтану мамандығына түсу үшін «ҰБТ» да «шығармашылық емтихан» тапсырасыз. Шығармашылық емтихан екі кезеңнен тұрады, бірінші кезеңі «ҰБТ» , ал екінші кезең «мамандық бойынша шығармашылық емтихан» болады. Бұл мамандыққа мемлекеттік грантқа түсу үшін «120» бал ,ауылдық квотамен «117» бал , ал ақылы оқуға түсу үшін «80» бал жинауыңыз керек.

5. Исламтану мамандығына  түсу үшін «ҰБТ» да «шығармашылық емтихан»,  шығармашылық емтихан екі кезеңнен тұрады. Олар: бірінші кезең «ҰБТ», екінші кезең «мамандық бойынша » емтихан. Мемлекеттік грантқа түсу үшін « » бал , ал ақылы оқуға түсу үшін «80» бал.

6. Әлеуметтану мамандығына түсу үшін «ҰБТ» да таңдау пәндеріңіз «математика, география». Бұл мамандықта мемлекеттік грантқа шектік бал «101» , ал ақылы оқуға «90» бал.

7. Мәдениеттану мамандығына мемлекеттік грантқа түсу үшін «ҰБТ» да «ағылшын тілі, дүниежүзі тарихы» пәндерін таңдап, «108» бал жинауыңыз керек. Ақылы оқу формасына түсу үшін «80» бал керек.

8. Саясаттану мамандығына түсу үшін «ҰБТ» да «дүниежүзі тарихы, ағылшын тілі» пәндерін тандайсыз. Мемлекеттік грант шектік бал «110», ақылы оқуға шектік бал «90».

9. Психология мамандығына түсу үшін «ҰБТ» да «биология, география» пәндерін тандайсыз. Мемлекеттік грантқа түсу үшін «90» бал жинау керек, ал ақылы оқуға түсу үшін «90» бал жеткілікті.

10. Әлеуметтік жұмыс мамандығына оқуға түсу үшін «ҰБТ» да «биология, география» пәндерін тапсырасыз. Мемлекеттік грантқа түсу үшін «90» бал жинауыңыз керек, ал ақылы оқуға түсу үшін «85» жинасаңыз жеткілікті.

Қорытынды ой:

Философия және саясаттану факультетінде оқытылатын мамандықтардың барлығының орны маңызды болып табылады. Себебі, бұл факультеттегі оқытылатын мамандықтардың барлығы қоғаммен тығыз байланысты. Саяси тұрғыдан болсын, философиялық тұрғыдан болсын, дін тарапынан болсын осы факультеттен мамандарды дайындап оқытады. Яғни мемлекетпен тығыз байланыс орнататын аса маңызды және білімді мамандарды дайындайтын ең үздік білім беру орталығы болып табылады.

Философия және Саясаттану факультетінің мекен жайы: Масанчи, 39.

Автор: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану мамандығының 1 –курс студенті
Дастан Бейбарыс Сағдатұлы
Жетекші аға оқытушы: Тунгатова У. А.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз