Эссе және өлең-жыр байқауы

Пілдер

Пілдер – ежелгі тұмсықтылар тобынан біздің заманымызға жеткен жалғыз жануар. Бұрын олардың түрі 40-қа жеткен болса, бүгінде үш қана түрі бар: Саванналық африка пілдері, африкалық орман пілдері және азиялық пілдер. Пілдің дене тұрқы – 6-8 метр, салмағы 9 тоннадай болады. Олар 70-80 жыл өмір сүреді. Негізгі ерекшелігі — үстіңгі ерніне жалғасқан ұзын ет тұмсығы (хобот). Олар мұны адамдардың қолындай пайдаланады. Сол арқылы заттың иісін біледі, сезеді және орап ұстайды. Піл тұмсығы бір мезгілде 7,5 литр суды ұстап тұра алады. Пілдердің көздері жақсы көрмейді, есесіне олар ешбір жаратылыс сезбейтін иісті сезіп қояды. Оның тұмсығында 40 мыңнан астам рецептор бар. Пілдің кейбір тұстарындағы тері қалыңдығы – 4-5 сантиметр болады. Олар мұңаяды, уайымдайды, сағынады, ағайындарына көмектеседі, музыкамен айналысады, сурет салады. Өздерінің дене көлеміне қарамастан олар епті және тез қозғалғыш келеді және олардың тепе-теңдік сақтау қызметі жақсы дамыған. Басқа ірі сүтқоректілер секілді пілдер ыстыққа қарағанда суықты жақсы көтереді. Күннің ең ыстық уақытын көлеңкеде өткізіп, денесін салқындату мен жылу алмасуды жақсарту үшін үздіксіз құлақтарын қағады. Олар суға шомылып, өздерінің үстеріне су құйып, батпақ пен шанда аунағанды ұнатады. Бұл әрекеттер терілерінің құрғап кетуінен, күнге күюден және шыбын-шіркейдің шағуынан қорғайды. Пілдер – отбасылық өмірді қадір тұтатын жануарлар. Олардың аналықтары әрқашан отбасымен бірге өмір сүреді, өлгенде немесе адамдар ұстап алғанда ғана бөлінуі мүмкін. Олар топ-тобымен жүреді, олардың қатарында 6 мен 12-нің аралығында піл болады. Ал аталық пілдер 12 жасқа таяғанда отбасынан бөлініп шығады.

Дүниеге жаңадан келген пілдің баласы аяққа тік тұра алады. Салмағы 120 келіге жуық болады. Туғанда көзі соқыр болатындықтан анасының тұмсығына арқа сүйейді. Жаңа туған пілдің өмір сүруге қабілеті болмағандықтан анасы мен отардың тәжірибелі мүшелері үйрете бастайды. Анасы оған бірнеше күтуші таңдап, өзі сүтін көбейту үшін азық жинауға кетеді. Пілдер күніне 100 литр су ішіп, 300 келі қатты тағам жей алады. Пілдер тәулігіне 2-3 сағат қана ұйықтайды. Жалпы олардың өмірінің басым бөлігі тамақ іздеуге кетеді. Яғни, бір тәуліктің 20 сағатын осыған арнайды. Пілдер - Африка мен Азияның қалың ормандарында және ашық өлкелерінде мекендейді. Азия пілдерінің мекендейтін аймағы: Оңтүстік және Солтүстік-Шығыс Үндістан, Шри-Ланка, Непал, Бутан, Бангладеш, Мьянма, Таиланд, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Оңтүстік-Батыс Қытай, Малайзия (құрлығында және Борнео аралында), Индонезия (Борнео, Суматра) және Бурней аймағы.

 

Қызықты мәліметтер:

Піл – төрт тізелі және төрт аяғын көкке көтеріп басымен тұра алатын жалғыз жануар.

Үндістандағы пілдердің алдыңғы аяғында бес саусақ болса, артқы аяғында төрт саусақ болады.

Бүкіл хайуандар арасында пілдің миы ең ауыры саналады. Миының салмағы – 5 келі.

Жүкті піл құрсақтағы баласын 22 апта бойы көтеріп жүреді. Бұл жануарлар арасындағы рекордтық көрсеткіш.

Пілдер бір-бірімен дыбыс және аяқтарын таптау арқылы қарым-қатынас жасайды. Адамдардың құлақтары бұл дыбысты ести алмайды.

Таиландта пілдер ұлттық әрі қасиетті жануар саналады.

Үйретілген піл бірден 70 бұйрықты есте сақтай алады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз



Пікірлер (19)

Ислам

КУшты

Зере

Рахмет сыздердын аркаларынызда пылдер жайлы коптеген малымет алдым

Диас

Маған қатты ұнады.Ең қатты ұнағаны 4 тізелі және 4 аяғын көкке көтеріп баспен тұратыны.Рахмет сіздерге.

Есболатұлы Қайсар

өте керемет болды
күшті

алишер

оте жыксы ангиме екен сыздер аркылы пилдер тралы билдим рахмет

Арайлым

рахмет сіздерге

Бейбарыс

Рахмет

Салтанат

Керемет мағлұматтар алдық.Рахмет!

Арай

Маган катты унайды оте кызыкты малимет. Пілдің коп ерекшелігі бар екен.

Наздана

Пікіріңізді жазыңыз... Өте жаксы мәліметтер!

Мерей

Рахмет коп коп
Пайдасы тиды

Ерасыл

Рахмет коп коп пайдасы коп тиді

Ақмөр

пілдің баласын қалай атайды?

Ақмөр

Пілдің баласын қалай атайды

Аянат

ағылшынша аудармасы жоқ па? өте керек еді слайд жасауға

Жамиля

Пайдалы аппарат екен.

Ұлжан

Аққу туралы жазыңыздаршы

Ұлжанға

Аққу туралы биология бөлімінде ақпарат бар. Сілтемесі: https://bilim-all.kz/article/9639-Aqqu

Myrza

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

×