Шерхан Мұртаза – жұртшылықтың, халықтың қаламгері. Оның публицистік шығармашылығы ұлт тағдыры мен болашағының, оның ғұмырнамасының айнасы. Ол сол жолда, сол бағыт-бағдарда, сол мұрат-мақсатта еңбек етіп келе жатқан публицист. Ол өз буын, өз ғұмырнамасын жазушы ғана емес, сол арқылы тұтастай ұлттың атынан сөз айта алатын дәрежеге көтерілген ірі тұлға. Сондықтан болар оның қаламынан туған кез-келген туындыны оқырман ыждаһатпен қабылдайды. Өйткені ол қай жанрда жазса да барлығын дерлік өзіндік қалыптасқан дара стильмен, көркем шұрайлы тілмен жазады. Шерхан Мұртаза публицистикасының пәрменділігіне Ш.Елеукенов былай деп баға береді: «Ш.Мұртаза қаламынан туған дүниелер – осы заманғы публицистиканың жоғарғы үлгісіндегі ерекше өтімді, дәлелді, өмір шындығын дөп басатын, алдына қойылған проблемаларды үлкен жауапкершілікпен, терең талдау жолымен көтере білетін, көп кеселді кінараттарға кінәлілерді бетің бар, жүзің бар демей осып сөгетін, ойға бай, сөзге шешен саралы көсемсөз» Журналистік қызметінің алғашқы он жылында ғана, 1959-1969 жылдардың аралығында, жазылған 100-ден аса заметка, корреспонденция, 5 фельетон, 8 рецензия, 47 очерк, 50-ден астам көркем публицистикалық материалдардың бәрі сол кездің жетістіктерін алғауға құрылған десек қателесеміз.
Көрнекті жазушы-публицист Шерхан Мұртазаның публицистика жанры, жазушы очерктерінің тақырыптары өте ауқымды. Erep әдебиеттану ғылымында поэтика әдеби шығармалар құрылымы мен оның эстетикалық жүйесін әдебиет теориясының бір бөлігі десек, Шерхан Мұртазаның қай жанрдағы шығармасы болмасын көркемдік поэтика әлеміндегі өзіндік орны бар ерекше туындылар. Шерхан Мұртаза публицистикасындағы тақырыптардың өзектілігі және ондағы заман мен қоғамдағы ащы шындықтар көтерілуі, жазу стиліндегі шеберлік пен көркемдік-редакторлық қызметіндегі талант танығыштығы тікелей осы тоқырау жылдарында баспасөздегі сын мәселесін көтеріп және қолдау көрсетіп, батылдыққа толы басшылығы, шығармашылығы мен ұйымдастырушылық қабілетінің бір-бірімен үйлесімділікте болуының арқасында. Бұл қырынан Шерхан Мұртаза публицистикасы қазақ баспасөзінің дамуына ғана емес, қоғам санасының өрлеуінеде, өзгеруінеде зор үлес қосты. Шерхан Мұртазаның көркемдік деңгейін белгілейтін әдеби мұраларынан басқа публицистік шығармаларының өзі бір төбе. Өз кезеңінің үні, жаңаның жаршысы, өткен шақтың көне шындығынан емес, осы шақтың жаңа шындығынан туындаған жанр «очерк» болса, сол жанрды Ш.Мұртаза айналып өтпеген. Шерхан Мұртазаның публицистикалық очерктері заман келбетінің қоғамдық-әлеуметтік сипатын айқындап, дәл бере алғандығын атап өтуге тиіспіз және міндеттіміз. Тұтас бір халықтың, ұлттың атынан сөз айта алатын дәрежеге көтерілген ірі тұлғалардың, қаламы қарымды қаламгерлердің, публицистердің жол сапар очерктері сияқты кез-келген жанрда қалам тербеген Шерхан Мұртаза да бұл аталмыш жанрда қалам сілтей білген. Оның 1992 жылы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, кейіннен «Ақындар мен әкімдер» атты еңбегі публицистік жинақтары құрамына енген, оған «Феруза Иран» атты очеркі дәлел. Қаламгер Шерхан Мұртазаның тағы бір жолсапар очеркі «Абай сәулесі» (Семейдегі Абай күндері) деп аталады. «Қазіргі кезде сауатсыз қазақ жоқ» деп басталатын бұл шығармасы оқушыны осы бір сөйлеммен-ақ үйіріп ала кетеді. Жазушы-публицист Шерхан Мұртазаның соңғы жылдарында жарық көрген «Елім саған айтам, елбасы сен де тыңда!»(1998), «Ақындар мен әкімдер»(2002) атты мақалалары, публицистикалық толғамдары мен эсселерінің қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше.
Шерхан Мұртазаның Камал Смайыловпен хат алмасқандағы елдің өзекті де маңызды мәселе, қиыншылықтанын көтеруінің өзі қандай үлкен ғанибет! Өз эсселерінде жазушы өмірден көргені мен түйгенін қорытындылай келе, өз ұсыныстары мен болжамдарын билікке батыл ұсынады. Публицистикалық толғамдары мен мақалаларында бүгінгі күннің толғақты мәселелерін қозғайды. Қазақ елі мен жерінің бүгіні мен болашағын кешегі тарихпен ұштастырған «Елім саған айтам, елбасы сен де тыңда!» эссесі ел санасына жаңа жаңғыру әкеліп, жаңаша ойлауға жол ашты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі