Ұялы телефоныма өз әйелімнің атын Хадиша деп жазып қойдым. Кім біледі, оған да бір себептер болған шығар. Өзіне бұл туралы айтпадым. Бір күні менің телефонымды алып қолданғысы келді. Қараса, бетінде бір күнде бірнеше рет телефон соққан Хадиша деген есім тұр. Түрі өзгеріп, өңі қашып, қаны қайнап жатқаны байқалады.
Ашуланып Хадишаның кім екенін сұрады. Мен болсам, абайсызда от тұтанып кетпесін деп жауап бермей тұрмын.
— Айтыңыз, кім ол Хадиша деген? Көзіме тура қарап айтыңыз!
— Оның өзінен сұра, маған не дейсің? — дедім.
— Сұраймын, қазыр-ақ сұраймын.
Жалма-жан қолындағы менің телефоныммен, Хадиша ханымға телефон соға бастады. Бірнеше сәттен кейін өзінің телефонына қоңырау келді. Қараса, менің атым шығып тұр. Әйелім аң-таң.
— Менің атым Хадиша емес қой, деді елеусіз ғана төмен дауыспен. Орындыққа отыра кетті. Өзінің айтқан сөздерімен мінезіне ме, әлде, менің ісіме ме, әйтеуір, қайран қалып тұр. Мен де осы кезде:
— Неге Хадиша емессің? Сендегі адал әйелге тән сипаттар ше? Терең түсінігің мен маған қылған қызметтерің ше? Осының бәрі, болмасаң да, Хадиша анамызға тән көркемділік емес пе? Аллаһу та’ала нәсіп етсе, Фирдаус жәннатындағы қосағымсың, — дедім.
Бір кезде әйелімнің көздерінен мөлтілдеп жас тама бастады. Мен Әйел тәрбиесіне қатысты сабақты соңына дейін жеткізейін деп: «Енді білдің бе, Хадиша деген кім екенін?». Кім ол Хадиша деген, көзіме тура қарап айт дейсің. Айтайын: «Хадиша деген, міне сол адам!» — деп түйіндедім.
Біраз үнсіздіктен есін жиған жұбайым: «Раббым қаласа, ондай әйел де бола аламын. Сізді ешқашан жерге қаратпаймын», деді. Маған да керегі осы еді. Құдайдан тілейтінім де қос дүниеде қосағыммен қоса ағару!
Е.Ертайұлы «Жұбайыңның жүрегін жаралама, жаула» кітабынан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі