Өлең, жыр, ақындар

Қазақ әдебиетіндегі әйел теңсіздігі

Қазақ әдебиетінде бақытты арулар болды ма?

Қазақ әдебиеті-халқымыздың рухани мұрасы, асыл қазынасы. Әдебиетіміздің жаухарлары болып саналатын барлық дерлік шығармаларда қазақ қыздарының бақытсыздығын байқай аламыз. Қазақ әдебиетінің асыл, құнды деген шығармаларында әйел теңсіздігі белең алған. Сол заманның адамдары үшін қыз баланың рөлі төмен болғаны ма? Тіпті қазіргі, яғни кейбір надан, ой өрісі төмен адамдар әйел затын өзінен бір саты төмен болуы керек деп санайды. Қоғамда әрқашан әйел мен ер адамның құқығы мен орны тең болуы қажет!

Ерте замандағы қыз баланың қоғамдағы орнына тоқталайық. "Бақытсыз Жамал", "Шұғаның белгісі", "Қамар Сұлу" сынды шығармаларда қазақ қыздарының бақытты өмір сүргенін көрмедік. Тіпті қыздардың жолы болып, өзі қалаған жанға тұрмысқа шыққаны жайлы шығармалар жоқтың қасы. Барлық шығарманың сюжеті, желісі бір. Әрине ол -әйел теңсіздігі. Қазақ қыздарының сауат ашпауы "Оқыған қыз бұзылады" деген стереотиппен өмір сүру, қыздың ойымен санаспау, қалың малға айырбастау. Мұның бәрі қазақ тарихында болған оқиғалар.

"Қамар Сұлу" шығармасының сюжеттік желісіне тоқталатын болсақ, сол замандағы ер адамдардың майдалануын, халықтың надандығы , ой-өрісінің төмендігін байқай аламыз. Өсекке құмар ер адамдар мен айтқан сөзге ере беретін халықтың ойынша "Қыз оқыса бұзылады" деген ой дұрыс па? Қамарды өз сүйіктісінен айырып, өзінен 35 жас үлкен адамға беріп, қалың малға сатқан туыстарынан мұндай сөзді есту қате секілді. Осыдан-ақ ерте замандағы қазақ қыздарының дәрежесін білуге болады. Қазақ әдебиетінде қыздардың теңін тауып, бақытты болмауы осы себептерден де сирек кездеседі.

Қорытындылай келсек, мұның бәрі әйел теңсіздігін білдіреді. Болашақтың жарқын болуы үшін қоғамдағы әрбір адамның құқығы тең болуы керек. Сол себепті әйел теңсіздігі мәселесімен күресу қажет! Алайда , қазір әйел теңсіздігі ерте замандағы мәселеге қарағанда біршама жеңілдеді. Осы әдеби шығармалардың басты мақсаты да әйел теңсіздігімен күресу болар.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Әбіләз

Ойланатын нәрсе екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз