Өлең, жыр, ақындар

Астаналық оқушылар жүлдегер атанды

Астанада «Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты XII Наурыз кездесулері қорытындыланды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының айшықты оқиғасы дәстүр бойынша оқушылардың ғылыми таланттары мен зерттеушілік шабыттарын көктем мерекесінің ең маңызды салт-дәстүрлерімен тоғыстырды.

Жасанды тін мен органдар, ақылды протездер, дербес медициналық көмекшілер мен биоинтерфейстер, ақпараттық және бағдарламалық құралдар, медициналық бейнелер мен биосигналдарды өңдеу, пациенттердің деректер базасын әзірлеу секцияларында алты жоба үздік деп танылды.

NIS халықаралық бакалавриат мектебінен «Медициналық бейнелерді, биосигналдарды өңдеу мен талдауға арналған компьютерлік технологиялар» секциясы бойынша сынға түскен Томирис Ыдырысбаева, Арай Камалиева, Амир Жақсылық, Әділет Аусарбеков, Жанель Мамырбек «DermaMarker» жобаларымен бірінші орын иегері атанды. Сондай-ақ «Адам ағзасының қызметін бақылауға арналған аппарат-бағдарламалық құралдар» секциясында Жәнел Мамырбек үздік атанса, 7-сынып оқушылары Қалиақбар Баймұқан, Таир Турсынқан үшінші орынды еншіледі.

Наурыз кездесулерінің үздік жобалар авторлары Қазақ-Британ техникалық университеті мен AlmaU гранттарын иеленді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер