Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан-Дания

Футболдан біздін ұлттық құрамамыз тарихи жетістікке жетті, 2021 жылы өткен Еуро-2020 турнирінде жартылай-финалға жеткен Дания ұлттық құрамасын, Астанада 3:2 есебімен жеңді. Бұл шынымен де Қазақ футболы тарихындағы ең жарық кездесулездің бірі. Кездесудің 73 минутына дейің 0:2 есебімен ұтылып, біздің жігіттер ойынның нәтижесін 16 минутта төңкеріп жіберді. 

Бірінші таймда Расмус Хойлунд, Италиялық Аталантаның жас ойыншысы жоқ жерден 2 дәл соққы жасап, біздін құрамамыздың үмітін түсірді. Бірақ ойынның 2-ші жартысына Қазақстан құрамасы жігерленіп, Дания қақпасына көптеген шабуыл жасап бастады. Бірақ соққылардың көбісі тура Каспер Шмейхельдің қолдарына ұшып, нәтиже әкелмеді. Ойынның 70 минутында Абзал Бейсебеков қарсыластың айып аланыңда екі қорғаушыны алдап, қақпаға соққы жасады, бұл соққы да Даниялық қақпашының олжасына айналды. Бұл сәт менің ойымша Қазақ ойыншыларын жігерлендіріп, ерлікке шақырды.

Үш минуттан кейін Бахтиер Зайнутдинов есеп айырмасын пенальтиден қысқартты. Ал кездесудің 86 минутында, нағыз капитан, Асхат Тағыберген, 30 метрден, допты тура қақпаның үстінгі бұрышына жіберді. Бұл сәтте Астана Аренадағы жанкүйерлер, өзінің қуанышына шек таппады, бүкіл ел тойлауға кірісті. Бірақ осымен сенсациялар бітпеді, 89 минутта Бауыржан Исламхан мен Ян Вороговский екеуі, аланның сол жағында паспен ойнап, допты Абат Айымбетовке жеткізді, ал Абат болса, допты қақпаға кіргізді. 

Осылайша Қазақ жігіттері, әлемдік жұлдыздармен кездесуде, рух және жігер көрсетіп, жеңіске қол жеткізді. Осы жеңіс әрине біздін футболдын тарихында, есімізде ұзаққа сақталады. Еуро-2024 іріктеу кезеніңде жағдай осылай жақсара бергенің қалап, ұлттық құрамамызға сәттілік тілейік.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз