Өлең, жыр, ақындар

Шұбаттың адам ағзасына пайдасы

Әлемдік медицинада өзіндік орны бар Әбу Әли ибн Сина: «Адам ағзасына пайдалы шөптердің дені құмда өседі» деген екен. Ал, түйе үнемі құмда, сортаң жерде жүргендіктен, тұла бойы тұнған емдік қасиет. Сәйкесінше, шұбатта ми мен жүйке жүйесіне пайдалы қант лак­тозасы, диабет, ісік аллергиясы, бауыр қабынуы мен псориязға қарсы дененің иммунитетін арттыратын антиденелер бар. Түйе сүтінің емдік қасиеті мол болғандықтан, халық емшілері жануар сүтіне шомылдырып, қан-тамыр, жел-құз ауруларын емдеген. Ағзаны жасарту мақсатында ішкен. Шұбаттың құрамында кальций, мыс, темір, магнезий, мырыш секілді микро­элементтер және фосфор мен күкірт бар. Құрамы осындай макро және микро элементтерге бай шұбатты қазақтың халық емінде өкпе, асқазан аурулары, құрқұлақ, мешел ауруларымен қоса, созылмалы түрлі дерттерден әлсіреген ағзаны қайта қалпына келтіру үшін қолданған және ағза уланғанда да емге пайдаланған. Әсіресе, шұбат – өкпе дертінің барлық түріне дауа.

Сусын қалай дайындалады?

Шұбатты бір қорландырып алады да, одан әрі ешқандай ашытқысыз ашыта береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында шұбатты торсықта немесе ағаш күбіде ашытқан. Ол бір тәулікте өз бабына келеді. Шұбатқа арналған торсықты түйе мойнағынан жасайды. Шұбат ашытқаннан кейін, оны адамға берер алдында шайқап, пісіп, көпіршігін жақсылап араластырып ұсынады. Күбіні аптасына бір рет жақсылап жуып, көлеңкеде кептіреді. Одан кейін киік оты, құмаршықтың түбірі сияқты емдік қасиеті мол шөптермен ыстап барып, сусынды ыдысқа қайтадан құяды. Осылай дайындалған шұбаттың дәмі таңдайдан кетпейтіні рас. Түйе суды аз пайдаланғандықтан, оның сүті майлы болып келеді. Қуаты мен дәрумендік қасиеті қымыздан кем емес.

Емдік қасиеті

Шұбаттың емдік қасиеті құрамындағы сүт қантына, сүт қышқылына, алкогольге, көмір қышқыл газына, белоктарға, тұздарға, витаминдерге және антибиотиктік заттарға байланысты. Тамақтың құрамындағы белоктардың әдетте асқазан-ішек жолында тамақ қорытылған кезде ғана ыдырайтындығы белгілі. Ал, шұбат құрамындағы белоктардың едәуір бөлігі организмге ыдыраған күйінде түседі. Шұбаттың жеңіл қорытылатындығы да сондықтан. Бұл сусынның асқазан жолының бездерінен мықтап сөл шығаратын қасиеті бар екендігі анықталды. Ол, сондай-ақ, қарын сөлінің қорытқыш қасиетін күшейтіп, ішектің моторлық қызметін жақсартады. Тәбет ашып, қарындағы ауруды басады. Ішектегі тамақтың жақсы қорытылуына көмектеседі. Шұбатпен емдеудің артықшылығы неде? Ол қанның құрамдас бөліктеріне және қанның түзілуіне қолайлы әсер етеді. Қанның қызыл түйіршіктері артады. Бауырдағы алмасу процестері қалпына келеді. Оның нерв жүйесіне ықпалы сүт қышқылының және көмір қышқыл газының әсеріне байла­нысты. Шұбат ішкеннен кейін кісі аздап қызады. Сәлден соң ол жағдай басылады да, адамды ұйқы басады. Бірақ, ол ұйқыдан адам сергек тұрады.

Ал, спирт 1 пайыз мөлшерінде жоғарыдағы әзірленген шұбат өнімдері балаларды тамақтандыруға өте қолайлы әрі өт жолдарына бірден-бір ем. Барлық жастағы адамдар денесіне жара шыққанда оны ем үшін ішсе болады. Ұмытшақтық, сусамыр ауруына шалдыққандар да пайдалана алмақ. Бір сөзбен айтқанда, түйенің сүтінен дайындалатын сусынның шипалық қасиетті өте мол.

Қазіргі ғылыми еңбектеріне жүгінсек, түйе сүтінен әзірленген шұбаттың табиғи иммундық қасиеті өте жоғары. Сондықтан оны тыныс алу, авитаминоз, қант диабеті, (шұбатта көп мөлшерде инсулин болады)  өкпе туберкулезі, қан аздылық, гастрит, калит, ағзаны әлсірететін өзге ауруларды емдеп, алдын-алатын қуатқа ие. Оның үстіне шұбатта ағзадағы зат алмасуға қажет деген фосфор кальций магний тұздары өте көп. Оның үстіне сиыр сүтіне қарағанда шұбатта А, В, В, С және Д витаминдері үш есе көп, ал казин аз болады. Түйе сүтіндегі көп мөлшердегі лактоза қанты-миды, жүйке жүйесін қоректендіреді.

Халық медицинасында қолдану

Түйе сүтін ұдайы пайдаланғанда ішкі мүшелердің қызметін реттеп, адамды семіртеді. Қазақ емшілері оны науқастарды емдеуге қолданады. Жасы ұлғайған қарттарға, ауру салдарынан дене қуаты төмендеген науқастарға бір мезгіл шұбат ішкізеді. Шұбатты ішкен соң адам денесі балбырап терлейді, ұйқысы жақсарады, сергиді, біртіндеп семіреді. Шұбатқа қоса бағлан етімен сорпалану да жақсы әсер етеді. Ел арасында шұбатты қымыран деп те атайды. «Шұбат – ол жаңа сауылған саумал» деушілер де бар. Ал, кейбірі қымыранды шұбаттың ашытылып, бапталған түрі дейді. Дәрігерлердің байқауына қарағанда, үнемі шұбат ішетін, яғни, түйе ұстайтын кісілер туберкулезбен аз ауырады екен.

Қазақстанда тұңғыш рет 1965 жылы шұбатпен емдейтін «Тұщыбек» санаторийі ашылды. Ол Маңғышлақ облысы, Маңғыстау ауданының Шетпе поселкесінен 18 километр қашықта. Мұнда емделуге тек Қазақстанның аудандарынан емес, тіпті, Түркменстаннан, Қаракалпақ АССР-інен және РСФСР-ден адамдар келген. Бұл жылдардың ішінде санаторийде 4 мыңнан астам адам емделді.

Қандай ауруларды емдейді?

Аталған сусын дені сау адамдар асқазанының секрециялық көрсеткіштерін, сондай-ақ, науқас адамдардың да осындай көрсеткіштерін бастапқыға қарағанда арттыратындығын зерттеушілер айтып отыр. Бұл сусынды бір рет ішкенде науқас кісілердің қарын сөлінің қышқылдығы қандай болғандығына қарамастан, олардың асқазанының эвакуаторлық қызметі шапшаңдаған болса, баяулайды, ал, баяулаған болса, шапшаңдайды. Мұндай сырқаттар тамақ ішуге бес минут қалғанда 200 миллилитрден, тамақтан кейін 10 минуттан соң 300 миллилитрден күніне үш рет шұбат ішулері керек. Қарын сөлінің қышқылдығы қалыпты болса, ондай адамдарға тамақ ішуге бес немесе үш минут, ал тамақтан соң 30 минут өткенде әлгіндей мөлшерде шұбат беріледі. Егер қарын сөлінің қышқылдығы жоғары болса, тамақ ішуге бір сағат қалғанда немесе тамақ ішкеннен кейін 30 минут өткен соң жоғарыдағыдай мөлшерде қымыз ішуге тиіс. Науқастар күніне барлығы бір жарым-екі литр шұбат ішеді. Сонымен қатар, созылмалы гастрит ауруына шалдыққан кісілердің осы науқастан айығуына жақсы әсер етеді. Қарын сөлінің қышқылдығы төмен кісілер де 15-20 күн ішкеннен кейін құлан-таза айығады.

Созылмалы колитке (тоқ ішектің шырышты қабықтың әсер қабыну аурулары) шалдыққан кісілерге де бірден-бір шипа. Осы аурулардың бәрін аталған сусынмен аурухана жағдайында да, амбулаториялық жағдайда да емдеуге болатын көрінеді.

Өкпе дертіне шалдыққан кісілерге бактерияға қарсы препараттар мен шұбатты қосып бергенде туберкулезбен улану белгілері кетеді екен. Дене қызуы да қалпына келетіні байқалған. Функционалды бұзылу реттеледі. Қандағы патологиялық өзгерістер жойы­лып, науқас салмақ қоса бастайды. Өкпенің ыдыраған тұсы жабылады. Өкпе туберкулезін шұбатпен емдеумен айналысқан А.Ахунд бүкіл емделушілердің 85,2 пайызына бұл шипалы сусынның қолайлы әсер еткенін айта келіп, өкпе туберкулезінің барлық формасын, әсіресе, белогы, витаминдері жетіспейтін жағдайда, қаны азайып, жүдегенде емдеуді ұсынады. Бұл шипалы сусын­мен емдеу ерекшелігінің бірі – науқастарды дәрімен емдегенде пай­да болатын кейбір құбылыстар екі жарым есе азаятыны. Авитаминоз сипатындағы құбылыстар жиілігінің бұзылуы да төрт есе азаяды.

Кеңірдекшелердің созылмалы қабынуын, қазақы тілмен айтқанда, желөкпе ауруын күшәлә шұбатымен емдеу жақсы нәтиже береді. Ол үшін екі-үш тал түгі қырылған күшәләні түйе сүті құйылған сабаға салып, әбден пісіп, жылылай орап, түн асырған соң, бір кеседен күніне үш рет ішеді. Осы­лай екі-үш ай жалғастырса, сырқат адам сауығып кетеді. Мұны «күшәлә шұбат» дейді.

Шұбаттың пайдасы

Түйе сүті қант диабеті, бүйрек, асқазан ауруларына пайдалы. Ол адамның иммунитетін көтеріп, ауруы бардың кез келген сырқатын емдейді. Ең бастысы, көптеген аурудың алдын алады. Сондай-ақ, Маңғыстау облысындағы түйелер жантақ деп аталатын шөппен қоректенеді. Жалпы әр жерде шөп әртүрлі. Десе де олардың барлығының пайдалы екені сөзсіз.

Қазіргі таңда адамдар шұбат пен қымыз ішсем жазыламын деп ойлана бастады. Шұбат дегеніміз — шипалы ем, нәрлі сусын. Халық оның емдік, қоректік қасиетін көптеген ауруға ем ретінде пайдаланады. Ол қарын сөлінің қорытқыш қасиетін күшейтіп, ішектің қызметін жақсартады. Жалпы қоректік заттарға өте бай. Мысалы, қымыз құнарлылығы 528 ккал болса, сиырдікі — 660 ккал, ал түйенікі 911 ккалға тең. Яғни бір литр шұбат адам ағзасының дәрумендер мен микроэлементтерге деген тәуліктік қажеттілігін толықтай қамтамасыз етеді..
 
Түйе сүті созылмалы өкпе құрты, бауыр мен сары ауру, өт жолының қабынуын емдеуде таптырмас дәрі. Құрамында А1, В1, D, E, C дәрумендері бар түйе сүтінің инфаркт пен инсульттің алдын алуда маңызы зор. Бұдан өзге қатерлік ісік пен қант диабетіне шипасы мол. Табиғи шұбат өнімдері адамның есте сақтау қабілетін жақсартып, ми тамырларының жұмысын ретке келтіреді. Әсіресе, нар сүтінің ақуыз мөлшері мен майлылығы қымызға қарағанда жоғары, ішінде С дәрумені де мол. Кальций, темір, кремний, магний, алюминий, күкірт, фосфор, мыс, мырыш, күміс микроэлементтері де жетерлік.

Шұбат салмақ қосуға көмектеседі. Германияда қымызды патенттеген Цольманның қайын атасы соғыс кезінде қамауда болып, өкпе ауруына шалдыққан. Қазақтың қымызын ішіп жазылған екен. Содан еліне барған соң бір бие сатып алып, дертінен айығып, аман қалған болатын. Бүгінгі тіршілік әртүрлі ақпарат пен тынымсыз еңбектен құралады. Ал мұның барлығы жүйке ауруын қоздырады. Мұндай жағдайда қымыз бен шұбат адамды тыныштандырады. Кейбір адамдар шұбат ішкен соң ұйқысының келетінін айтады. Бұл негізінен жүйке жүйесінің тынышталуымен байланысты.

Негізінен түйе сүтінің сиыр сүтіне қарағанда дәруменділігі жөнінен 10 есе артық. Мұнымен қатар, шұбаттың ауыр оталардан кейін науқасты қалпына келтіруге пайдасы зор. Күні бойы жұмыспен жүретін жастардың осы шұбат ішім салмақ қосатын кездері де көп.

Қазір қалада қан аздық ауруына шалдығып, көп салмақ жоғалтқан азаматтар жетерлік. Мұның түп-төркіні жастардың тынымсыз еңбектенуімен байланысты. Міне осындайда көбісі шұбат ішіп, дене бітімін қалпына келтіріп жатады. Түйе мен бие сүтіне жақын халықпыз. Қазақ хал амандығын сұрағанда, сөз төркінін «мал-жаның аман ба?» деп бастаған. Осыны ұмытып бара жатқан сияқтымыз.

Шипалы шұбат – экотуризмді дамытатын бренд

Талай дертке құнарлы азықты дауа еткен ата-бабаларымыздың әлмисақтан келе жатқан әдісі бүгінде қайта жаңғыра бастағаны байқалады. Қазір әлемнің дамыған елдерінің өзі түйе мен бие сүтінің әрі ем, әрі нәрлі азық екендігіне назар аударып жатқанда, Қазақстан да бұл үрдістен тысқары қалмауға тиіс.

Кез келген елдің мемлекеттілігі нығайған сайын оның ұлттық өнімі алдыңғы сапқа шығуы тиіс. Егер бізде келер ғасырларға сарқылмай жететін ұлттық өнім қайсы десек, ол – қазақтың қымызы мен шұбаты.

Шұбатты экспортқа шығарып, қазақтың брендіне айналдыру үшін тер төккен ғалымдардың айтуынша, табиғи шұбаттың таблеткалы түрі, құрғақ түйе сүті, йогурт, балқаймақ және шалап секілді жаңа әдістермен алынған өнімдер әлем нарығына шықса, теңдесі жоқ ұтымды тауар белгісіне айналары сөзсіз. Егер бұл іс жүзеге асса әлемдік нарықта шұбаттан мұнайдан түсетін кірістен кем емес пайда табуға болады деп есептейді мамандар.

Қалай десек те, қымыз бен шұбатты әлемдік деңгейге алып шығуға біздің ғалымдардың шамасы жетеді. Бұл үшін біздің елде экономикалық мүмкіндік мол. Шұбат Казақстанның ұлттық бренді ретінде әлемге танымал тағам ретінде белгілі болары айқын және әлеуметтік экономикалық жағдайды түзеуге мүмкіндік беретін бір сала болады. Түркістан қаласының индустриялық аймағында орналасқан «Golden Camel» зауыты сондай кәсіпорындардың бірі. Шұбат таблеткасын шығаруды Шым­кенттегі «Химфарм-Santo» фармацевтикалық фабрикасы алдағы кезде өндіріске қоймақ ниетті. Осы орайда,  БҰҰ Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі департаментінің Еуропа, Америка, Африка және Азия елдерін түйе сүті және қышқыл сүтті тағамдармен қамтамасыз етуге шақыруы біздің мемлекетті ойландыруға тиіс.

Шұбаттың - адам денсаулығына қажетті құнарлы сусын. Қазіргі заманда жастардың көбі осы сусынды, оның  денсаулыққа пайдалы екеніне білмейді. Менің ойымша, шұбат Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайықты. Себебі қазіргі кезде адамдар әр түрлі шетел сусындарын пайдаланғанша неге шұбатты қолданбасқа. Дәріханалардан дәрі алғанша тұңғыш рет Шымкенттен шыққан шұбаттың  таблетка түрін  неге  пайдаланбасқа. Шұбатты экспортқа шығарып, қазақтың брендіне айналдыру үшін тер төксек табиғи шұбаттың таблетка түрі, құрғақ түйе сүті, иогурт, балқаймақ және шалап секілді жаңа әдістерімен алынған өнімдер әлем нарығына шықса, теңдесі жоқ ұтымды тауар белгісіне айналар еді.  Егер бұл іс ұтымды тауар белгісіне айналар еді. Егер бұл іс жүзеге асса, әлемдік нарықта шұбаттан мұнайдан түсетін кірістен кем емес пайда табуға болады. Жүзеге асса, әлемдік нарықта шұбаттан мұнайдан түсетін кірістен кем емес пайда табуға болады.

Ұсыныс: зерттеу барысында алынған нәтижелерді Қазақ тілі мен әдебиет, дүниетану және факультатив сабақтары мен тәрбие сағаттарда қолдануға болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер