Өлең, жыр, ақындар

Өмірдің үш қана сатысын көрген «Темірқазық» журналы

«Темірқазық» журналы алғаш рет 1923 жылы ақпан айында Мәскеу қаласында жарық көрді. Алғашқы кездегі тарихына көз жүгіртсек, «Күншығыс» деген баспадан бастау алған. Бұл баспа кезінде Алаш зиялыларын өз төңірегіне жинаған орталық еді. Яғни, Ә.Бөкейханов бастаған «Алашорда» қауымы Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Сол кезде осы баспаға жиналады. Бұл баспа жайлы ХХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап сөз қозғалып келе жатқан баспахана екен. Қазақша ресми аты – «КСРО халықтары кіндік баспасының қазақ-қырғыз бөлімі». Оның тарихы 1922 ж. басталады. Осы жалы автономиялық республикалар мен облыстар үшін кітаптар және мерзімді басылымдар шығаратын КСРО ОАК Шығыс баспасы негізінде ашылды. 1922-1928 жылдары Нәзір Төреқұлұлы КСРО Орталық Атқару Комитеті жанындағы Орталық баспа басқармасының төрағасы және қазақ секциясының басшысы қызметін атқарған. 1924 жылы КСРО халықтарының орталық баспасы ретінде қайта құрылған. 50 тілде кітап, аударма, саяси әдебиет, 12 тілде газет-журнал шығарған. Осы баспа саны аз ұлттардың ең алғашқы әліпбиін жасап, оқулықтарын жариялаған. Халық арасында «Күншығыс баспасы» деп айтылып кеткен. Осы мекемеде 1922-1927 жылдары Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов жұмыс істегені белгілі. Сонымен қатар, бұл баспада келісімшарт негізінде 1923 жылы Түркістан Республикасынан Әдебиет институтына оқуға арнайы жолдамамен келген Мағжан Жұмабаев та жұмыс істеген. 1920 жылдары ұлт фольклорының үлгілері, танымдық кітаптар, аудармалар сынды құнды дүниелер аталған баспадан шыққан. Осы баспадан «Темірқазық» журналын шығарған.

Бұл журналдың кезінде 3 қана саны жарық көріп жабылған болатын. «Темірқазық» журналының 2-3 сандары, бүгінде Алматы қаласында Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы сирек кездесетін кітаптар мен материялдар қорында сақтаулы. Мұрағаттан сарғайған журнал беттерін парақтай отырып, журналдағы әр мақаланың саяси һәм тарихи маңызы туралы ойлана келе Алаш азаматтарының қазақ ұлтының теңдігі үшін жасаған саяси күрескерлік еңбегі көз алдымызға келеді.

Негізгі саласы бойынша айына бір шығатын саясат, шаруашылық, білім, әдебиет журналы. Журналда жазылған мақалалар іріктеліп отырады екен, яғни сол арқылы айдарларға бөлінеді, осы бойынша журналда бес айдар бар.

Ең алғашқы санында «Ұлт мәселесі жайынан» атты мақала жарық көрген. Мақалада сол кездегі коммунистік партияның 12 съезі өткені жайлы сөз қозғалып, сол жерде ұлт мәселесін көтерген. Ондағы мәселе сол автономиялы үкіметтегі мәселе, шаруалардың соғыстан күйзелген кездерін түзету керектігін айтқан. Ал ең соңғы санында журналда жұмыс істеген, мақала жариялап отырған жазушылармен қорытып отырған. «Темірқазық» журналы саясат, шаруашылық, білім, әдебиет тақырыбында, дегенмен журналдағы негізгі тақырыпта ұлт жайында көп тоқталып, терең үңілгендіктен журналдың болашық тағдыры көп ұзамай билік тарапынан шектеуге ұшырап, 3-саны шығып, соңында журнал жабылып тынады. Ал осы журналда аянбай еңбек еткен «Алаш зиялылары» ең басты рөлді атқарған. Ұлттың қамын ойлаған тұлғалар еді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Журналистика факультеті, 1 курс студенті
Ұлдана НУРАДИН

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-2008 жылдар)./Қ.Аллаберген, Ж.Нұсқабайұлы, Ф.Оразаев.-Алматы:Білім, 2010. – 124 бет.
  2. Мырзағали А. Ғаламтор. https:// bilimainasy.kz/темірқазық-мәскеуден-шыққан-қаза/ . 2018-02-28.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз