Өлең, жыр, ақындар

Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл

Әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық университетінің Қазақстан тарих кафедрасы 4  сәуір күні Қозғамбаева Гульнар Бестібайқызының жетекшілігімен «7М01602»- тарих және география мамандығының 1 курс магистранттары, “Амангелді Имановтың — 150 жылдығына” тәрбиелік іс-шара өткізді.

Тәрбиелік іс-шараға ұйымдастырушылардан бөлек, факультет деканы Байгунаков Досбол және кафедра мүшелері Еділ Ноянов, Арынов Жұмахан сынды оқытушылармен қатар экономика факультетінің  1-курс өнерлі студенттері   домбырада күй тартып, өлең арнап атсалысты.

Сонымен қатар тарих және география магистранттары Амангелді батырдың биік тұлғасына арналған еңбектер мен зерттеулерді, ұрпақтары жайында тың мәліметтерді баяндады.

Тарих география мамандығының 1-курс магистранты Фрунзеқұл Нұржанның Торғайдағы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліске жасаған баяндамасынан: Тәуелсіздік алғанға шейін қазақ халқы нелерді басынан өткермеді. Әртүрлі соғыстарды да, ашаршылықты да, зорлық-зомбылықты да көрді. Әсіресе Ресей өкіметінің қол астына көшкен кезде, патша өкіметінің тарапынан көптеген әділетсіздіктерге ұшырады. Олар қазақ халқының әртүрлі сылтаулармен жерін, малын алып, көп қазақтарды жерсіз, күн көріссіз қалдырды. Көп мөлшерде салық салып, өз жерінде емін-еркін жүруге де мұрсат бермеді. Тіпті 1916 ж. 25 маусымда II Николай  «19-43 жас аралығындағы қазақтарды тыл жұмысына алу» деген жарғы шығарып, азаматтарымызды да алғысы келді. Бұл жағдай қазақ халқының әбден ызасына тиіп, шыдамының шегіне жетіп, 1916ж. Ұлт-азаттық көтерілісіне алып келді. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 ж ұлт-азаттық қозғалысы көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дұнғандар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан оның оңтүстік облыстарын (Жетісу және Сырдария облыстары) айтпағанда бір ұлттық сипатқа ие болды.

Қазақтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша Жарлығы Орынборға 1916 жылғы 28 маусымда жетті. Торғай облысының әкімшілігі метрополияның тікелей өкілдігі ретінде патша жарлығын сөзсіз, бұлжытпай орындау жөнінде шешім қабылдады. Алайда халық назарлығы күн санап өсе түсті. Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінде шаруалардың стихиялық бас көтерулері басталды. Көтерілусішілер тау шатқалдарына топтасып, пошта бекеттеріне шабуыл жасады, темір жолды бұзды, болыстык басқармаларды талқандап, болыстарды өлтірді. Көтеріліс Солтүстік Қазақстанның көптеген облыстарын қамтыды.

Торғай уезінде Амангелді Иманов бастаған ірі көтерілісшілер жасағы құрылды. Көтеріліске дейін-ақ Амангелді даладағы халық бостандығын жақтаушы, отарлық тәртіптің бітіспес қарсыласы ретінде танылған еді. Ол бірнеше рет түрмеге де түсті, заңсыз сотталған жерлестерінің ісімен Петербургке те сапар шекті.

1916 жылы шілдеде Амангелді шашыранды қазақ жасақтарын көтерілісшілердің бірыңғай сапына жинай бастады. Көтерілісшілер Амангелдіні көтерілісшілер әскерінің бас колбасшысы — сардарбек, Оспан Шолақты оның көмекшісі етіп, Әбдіғапар Жанбосыновты хан етіп сайлады. Амангелдінің әскері көтерілісшілердің басқа жасақтарынан ұйымдасқандығы және тәртібімен ерекшеленді. Сарбаздар ондық, жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Басқару жұмысы штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес арқылы жүзеге асырылды. Кеңес жанында барлық әкімшілік мәселелерді шешіп отыратын хатшылық жұмыс істеді, пошта орналасты. Басшы орталық жанындағы әділқазылар алқасы әр түрлі заңдық мәселелерді шешумен, арыздарды, шағымдарды қараумен айналысты. Бейбіт халық пен сарбаздардың арасындағы даулы мәселелерді басшы орталық әрбір мың шаруашылыққа тағайындаған елбегі (әкімшілік жетекшісі) шешті. Көтерілісшілер үшін салықтар мен азық-түлікті жасакшылар жинады, қаражат жөніндегі жұмыстарды арнайы тағайындалған казынашы атқарды. Ақпан революциясының қарсаңында, Қазакстанның басқа облыстарында әскери қимылдар тоқтағанда, Торғай даласында жазалаушылар отрядтары мен көтерілісшілер арасындағы шайқастар жалғасып жатты. 22—24 ақпан күндері көтерілісшілер жазалаушылармен соңғы шайқасын Доғал Үрпек ауданында өткізді. Асқан табандылықпен шайкасқан көтерілісшілер қаланың ішкергі аймактарына ақырындап шегінді. Торғай өзенінің мұзымен ауыл-дарымен шегінген қазақтарды жазалаушы әскер екі жақтан оқ жаудырып, бірнеше жүздеген әйелдер, қарттар мен балаларды, мыңнан аса сарбаздарды өлтірді. Ақпанның соңында Доғал Үрпекті көтерілісшілердің қолында қалдырып, жазалаушылар шегінді.

Ақпан төнкерісінің жеңісінен соң даладағы көтерілісішілер отрядтарвның саңы шұғыл өсті, ал 1917жылыдың соңында Амангельді Торғайды алды.

Патшаның қатал жарлығына және жер – жерден оны орындаудағы әіділетсіздік тәсілдерге қатты ашынғн еңбекшілер қолдарына не түссе, сонымен қаруланып патша өкіметінің өкілдеріне, болыстық басқарушыларға, ауылдық ағамандрға, полицерлерге, қазақтарға, шенеуніктерге: «адамдар бермейміз» деген айқаймен тарпа бас салып, сазайын тарттырды. Олар болыс басқарушыларының, ауыл ағамандарының кеңселері мен үйлерін өртеді, осылай ету арқылы тылдық жұмыстарға алынудан арыламыз деп аңғырт ойлап, іс жүргізу қағаздары мен әскерге шақырлатыңдардың тізімдерін жойды.

1916 ж көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық тарихында ерекше орын алды. Имперализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында А.Иманов пен көтерілістің басқа басшылары халықты өз уақытында Сырым Датұлы, И.Тайманов, М.Өтемісұлы, К.Қасымұлы мен Н.Қасымовтың басшылығмен болған ұлт азаттық қозғалысынан кейін бірінші рет 1916ж көтеріліс кең байтақ өлкенің барлық бөліктерін қамтып, бүкілқазақстандық сипат алды. Көтеріліс отарлауға және импералистік саясатқа қарсы бағытта өрбіді. Халықты ұлттық және саяси азат ету жолындағы көтерілістің басты міндеттерімен салыстырғанда бұл көтерілістің таптық жағы екінші кезектегі мәселе болып шықты.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихымызда халқымыздың басынан өткен ең ауыр тарихи ақтаңғалақ оқиғалардың бірі болды. Көтеріліс барысында, әсіресе, қазақтардың саны Қазақ өлкесінде 446 мыңға, Орта Азияда 121,7 мыңға, Астрахань губерниясында 51,8 мыңға, Ресей империясында 617,5 мыңға азайып кетті.1917 жылы Торғай көтерілісінің талқандалуы аяқталуы барысында 3 мыңдай адам жауапқат тартылып, 201-і өлім жазасына кесілді, 161-і каторға айдалды, жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды. Көтеріліс бір жағынан жеңіліс тапты, оның өзіндік себептері де көп болды: бытыраңқылық, әскери қарудың жеткіліксіздігі, руаралық қақтығыстардың болуы, жергілікті халық пен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтардың болуы, ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірліктің болмауы, қазақ феодалдарының сатқындығы сияқты себептер әсер етті. Екінші жағынан көтеріліс жеңіліс тапқанымен оның қазақ тарихындағы тарихи маңызы зор болды. Атап айтсақ, қазақ халқының таптық саны өсті, Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынып, бастары біріксе жеңіске жететініне көздері жетті, патша өкіметін сескендірді; қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды; Ресей империясындағы азаттық күрестің шырқау шегі болды.

Тарихымызда осы Торғай көтерілісінің басшы-сардарбегі Амангелді Иманов өзінің тактикасымен, ерекшеліктерімен көзге түсті: табанды болып ұзаққа созылуы, билік көтерілісшілердің қолына көшіп, бір орталықтан жүргізілуі ,басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесі болды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ т.ғ.к., профессор  Қозғамбаева Г.Б.

Тарих факультетінің 1 курс магистранты Фрунзеқұл Н.Е.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар