Өлең, жыр, ақындар

Қазақстандық студенттер Huawei ұйымдастыратын әлемдік байқауға қатысады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Huawei өкілдерімен кездесуінде бірлескен жұмыстың аралық қорытындысын шығарып, болашаққа арналған жоспарларды талқылады.

«Өткен жылдың қыркүйек айында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Huawei Technologies Kazakhstan арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын еске салып өткім келеді. Бұған дейін Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай 100 000 жоғары білікті IT мамандар даярлауды тапсырған болатын. Үкімет бұл мақсатқа жетекші технологиялық компаниялармен серіктестік орнату арқылы біртіндеп көшуде. Бұл бағытта ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлескен жұмыс жолға қойылған», - деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Бүгінгі таңда Huawei компаниясы еліміздегі жоғары оқу орындары базасында 29 АКТ академиясын ашты. Онда 4 мыңнан астам студент оқиды. Олардың 600-ге жуығы емтихандарды сәтті тапсырып, IT маманы ретінде сертификат алды.

Сондай-ақ, биылғы жылы қазақстандық студенттер «Seeds for the Future» әлемдік байқауына қатыса алады. Бұл бағдарлама бойынша анықталған ең үзідк студенттер Қытайдағы Huawei ғылыми-зерттеу кампусында тағылымдамадан өтуге және MWC Barcelona 2024 көрмесіне қатысуға мүмкіндік алады. Бұл біздің студенттер үшін әлеуетін ашуға және әлемдік аренада өз білімдерін көрсетуге бірегей мүмкіндік. Студенттерді іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады: мамыр - ЖОО деңгейіндегі іріктеу, маусым - онлайн сұхбат, тамыз - Катардағы 8 күндік офлайн курс және Дубайдағы 5 күндік аймақтық лагерь.

«Ғылым және жоғары білім министрлігі басқа да жоғары оқу орындарында АКТ академияларын ашу бойынша бірлескен жұмысты жалғастырады. Сондай-ақ Huawei компаниясымен қазақ тіліндегі АКТ терминдерінің алғашқы сөздігін әзірлеу мәселесі пысықталуда»,-делінген ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметітаратқан ақпаратта.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар