Өлең, жыр, ақындар

Қазақстандық жоғары білім беру саласындағы өзгерістер

Елімізде жоғары оқу орындарының 35%-ы халықаралық білім беру және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асырады. Шетелдік жоғары оқу орындарының 3 филиалы бар. Ғылыми жаңалықтардың 27%-ы коммерцияланған.

119 жоғары оқу орнында 626,2 мың студент білім алып жатыр. Түлектер саны 188,3 мың адамдықұрайды. 7 099 студент биылғы оқу жылындажатақханаларға орналастырылды.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру үшін 2025 жылға қарай біз жетекші шетелдік жоғары оқуорындарының 5 филиалын ашу бойынша жұмысжүргізіп жатырмыз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУбазасында «МИФИ» ұлттық ядролық зерттеууниверситетінің,С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында И.М. Губкин атындағы Ресей мұнай және газ университетінің филиалы құрылған. Сонымен қатар, еліміздегі демографиялық өзгерістер жоғары білімнің дамуына әсер етеді. Студенттер саны тұрақты өсуде. Егер 1991 жылы 61 жоғары оқу орнында 288 мың студент оқыған болса, 2025 жылға қарай 800 мың студент білім алатын болады деп болжанып отыр», — деді ҚР ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары шеңберінде 2022 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. Осы Келісім бойынша тараптар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, ғылыми саладағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпалдасатын болады. Құжат студенттермен, профессорлық-оқытушылық құраммен және ғылыми қызметкерлермен алмасуды, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді көздейді. Атап айтқанда, 20 адамға дейін білім алушылармен алмасу қарастырылуда, оның ішінде бакалавриатта оқитын 14, магистратурада оқитын 6 білім алушымен алмасу көзделіп отыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Ә.Ж.Байелі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз