Өлең, жыр, ақындар

Білім грантынан үмітті колледж түлектері ҰБТ-ны қалай тапсырады

Ұлттық тестілеу орталығы колледж түлектеріне ескерту жасады. 2019 жылдан бастап барлық колледж түлегі ҰБТ тапсырады, қазір КТА деген жоқ. Колледж түлегі де ҰБТ-ны жылына 4 мәрте тапсыра алады.

Ол ҰБТ уақыты: наурыз, мамыр-маусым (негізгі ҰБТ деп аталып, қатысуға 2 мүмкіндік беріледі) және тамыз айлары.

29 сәуірден testcenter.kz сайтында негізгі ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігіне өтініш беру басталды.

Ол 6 мамырға дейін жалғасады.

Ал 7 мамыр екінші мүмкіндікке өтініш қабылдана бастайды да, 14 мамыр аяқталады.

Егер сіз колледжде оқып бітірген мамандығыңызды жалғастырмай, басқа мамандыққа оқуға түскіңіз келсе, 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік) бойынша ҰБТ тапсырасыз.

Ол үшін тіркелу сайтында «Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері» тетігін баса отырып ҰБТ-ға өтініш бересіз.

- Сіздерге тест тапсырмалар саны – 120;

- Жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут);

- Жоғары балл саны – 140.

Егер сіз колледждегі мамандығыңызды жалғастырып, грант негізінде ЖОО-ға қысқартылған оқыту мерзімін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, өтініш беру бөлімінде «Қысқартылған оқуға түсетін колледж бітірушілері» санатын көрсетесіз.

ҰБТ-ны жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырасыз.

- Тестілеудің тест тапсырмалар саны — 60;

- Жалпы уақыты — 2 сағат (120 минут);

- Жоғары балл саны — 70;

- Шекті деңгей балы — 25, «Педагогикалық ғылымдар» білім саласы бойынша – 35 балл. Оның ішінде әр пәннен 5 балдан кем болмауы тиіс.

Егер сіз колледжді шығармашылық дайындықты талап ететін мамандық бойынша бітіріп, ары қарай осы мамандық бойынша грант конкурсына қатысқыңыз келсе, онда ҰБТ-ны арнайы пәннен тапсырасыз. Шығармашылық емтихан ЖОО-да өтеді.

Тестілеудің жалпы уақыты — 1 сағат 20 минут (80 минут).

Егер сіз колледждегі мамандығыңыз бойынша ақылы негізде ЖОО-ға қысқартылған оқыту мерзімін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, ҰБТ тапсырмайсыз.

Құжаттарыңызды ЖОО қабылдау комиссиясына өткізесіз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар