Көл жағалап келе жатқан бір түлкі сол маңда жүрген тырнаға жолығып, жолдас болыпты. Бір күні жайылып жүріп, жақындап қалған соң түлкінің ініне келіп кіріпті. Бұлардың ізіне аңшы түскен екен, ол да інге келіпті. Сонан соң енді ешқайда кетпейсің деп, түлкі інінің аузын қаза бастайды. Біраз төменірек түскен соң, түбіне еркін жетеді-ау деген кезде, інге шыбық салыпты. Шыбық індегі түлкі мен тырнаның денелеріне тиіп, осқылап зықысын шығарған соң, тырна бүрісіп отырған түлкіге:
– Алпыс амал түлкіде, алпыс екі амал адамда деуші еді, сол амалыңның біреуін жасап, құтқарсаңшы. Әйтпесе, өлеміз! – депті. Сонда қалшылдаған түлкі:
– Амалым құрыды! – депті бүрісіп.
Шыбықтың қысымынан өлетін болған соң, тырна былай депті:
– Олай болса, менің бір амалым бар. Соны қолданып көрейін. Сәті түссе, құтылып кетерміз.
– Онда сол амалыңды тезірек істе! – депті, түлкі сасқалақтап. Тырна өз амалының қалай қолданылатын тәсілін түлкіге түсіндіре бастайды.
– Мен өлген боп, іннің ауыз жағына барып жатайын. Аңшы қолын созып, мені суырып алады да сенің жемтігің екен деп, әрі қарай тастай салады. Сол кезде мен тыраулай қиқулап, ұша жөнелемін. Аңшы таңданып, жалт қарайды мен жаққа. Сол заматта сен іннен атқып шық та зыта бер.
Осыны айтып, тырна іннің ауыз жағына барып жатады. Аңшы шыбығына ештеңе іліне қоймаған соң, қолын салыпты. Ішкерілете созған екен, қолына тырна ілігіпті. Аңшы суырып алып қараса, мойны былқ-сылқ етеді. Өлген тырна екен ғой деп арт жағына тастай салыпты. Сол кезде тырна тыраулай жорғалап, қиқулай ұша жөнеліпті. Аңшы қап деп, артына жалт бұрылған мезетте түлкі де іннен атып шығып, қалың бұтаның арасына қойып кетіпті.
Сөйтіп, тырнаның тапқырлығының арқасында тырна да, түлкі де аңшының қолына түспей, аман құтылып кеткен екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі