Өлең, жыр, ақындар

Қырғи мен бөктергі

Қырғи мен бөктергі ойда жоқ жерде кездесе кетеді. Екі дос өткен-кеткенді әңгімелеп, кездесу құрметіне кеш өткізуді ұйғарады. Кештің керегін әзірлеу үшін жиырма торғай ұстап әкелуге келіседі. Жиырма торғайдың жартысын ұстауды қырғи міндетіне алады, қалған он торғай бөктергінің үлесіне тиеді.

Қырғи көп кешікпей 10 торғайды ұстап, төбе басында бөктергіні күтіп отырады. Бөктергінің келетін мезгілі өтіп, кешігеді. Ал, бұлар кешті күн батпай бастауға уәде еткен. Ақыры шыдамы таусылған қырғи дерексіз кеткен бөктергіні іздеуге шығады.

Қалың тоғай бойымен ұшып келе жатып, қырғи алыстан бөктергіні байқайды. Ол бір торғайды қуып, ылдиға ығыстырып барады екен. Сол сәтте қырғи бөктергінің соңынан ұшып жетеді. Оның қауырсындары терге малшынып, аяғын торғайды бүруге ілгері соза түсіпті. Бөктергінің шаршау кейпін көрген қырғи: «Тоғайда торғай қалдырмай қырған екен», – деп ойлайды. Сөйтіп, ол бөктергіден асығыс:

– Ау, Бөке, қанша торғай ұстадыңыз? – деп сұрапты.

Сонда бөктергі алдында ұшып бара жатқан торғайды нұсқап:

– Осыны алсам, тоғыз торғай қалады, – депті.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Альмира

Сабақтан балам қиналса осы парақшаға кіріп керектімізді тез тауып аламыз өте керемет.Рахмет.

СОВЕТ МЕРЕЙ

КЕРЕМЕТ.КЕРЕМЕТ ЕРТЕГІ.ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕГІ ЕКЕН.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз