Өлең, жыр, ақындар

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қандай жағдайда латын қарпіне ауысады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі латын қарпіне ауысу жұмыстары қалай жүріп жатқанын баяндады.

Жаңа әліпби жұмыстарымен айналысатын Тіл саясаты комитеті жаңа министрлік қарамағына ауысқан еді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қазіргі уақытта уәкілетті орган тарапынан лингвист-ғалымдарды тартып, қазақ әліпбиінің және емле ережесінің жобаларын қайта пысықтау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ ғалымдар тарапынан жаңа әліпбидің ғылыми-лингвистикалық базасы, атап айтқанда, Емле анықтағышының және Емле сөздігінің жобалары, жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің орфоэпиялық анықтағышы, жаңа ұлттық әліпбиде кірме терминдерді транслитерациялау және транскрипциялау анықтағышы және басқалары әзірленуде», - деп жауап берді министрлік агенттіктің ресми сауалында.

Сонымен бірге, министрлік мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жаңа әліпби негізінде қазақ тілінде іс жүргізуге кезең-кезеңмен көшуі латын графикасына негізделген жетілдірілген әліпби және емле ережелері тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілгеннен кейін жүзеге асатынын жеткізді.

Айта кетейік, латын әліпбиіне көшу тақырыбы 2017 жылы көтеріле бастады.

Сол жылы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Президент Жарлығы шықты.

Былтыр Ұлытау облысында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне көшуде жан-жақты, терең талдау жасап барып, түбегейлі шешім қабылдау керегін айтқан еді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар