Қалмақ әскерімен болған бір жолғы соғыста айласын асырған жау жағы Қуатбек пен Медетбек батырларды қолға түсіріп, елдеріне алып кетеді.
Қалмақ ханы бұл екеуін басқа тұтқындардан бөлек ұстатқызып, ерекше күзет қояды. Бұл екі жас батырдың қазақ екенін білген және оларды көрген ханның қазақ әйелінен туған Айпері деген қызы Қуатбек батырға ғашық болып қалады. Ендігі ойы осы батырларды тұтқыннан босатып, еліне жеткізіп, Қуатбек батырға жар болуды аңсайды. Батырларға оңаша кездесіп, ойын оларға ашық айтып, қашып кету туралы келіседі. Сөйтіп, астыртын үш тұлпарды дайындап, екі батырмен бірге өзі де қашуды ұйымдастырады.
Келісілген уақытта ханның қызы екі тұлпарды жетелеп келіп, екі батырды мінгізіп, жау тұтқынынан қашып шығады. «Енді қауіп-қатерден, қуғыннан құтылдық-ау!» — деп, Іле бойындағы қалың тоғайға кіріп дем алады. Содан кейін Іле өзенінің суына жуынып-шайынып алуды ұйғарады. Ағайынды екі жігіт өзеннің жоғарғы жағындағы суға түседі, ал Айпері қыз өзеннің төменгі аяғына барып жуынуға кетеді.
Екі батыр жуынып болып, аттарды жетелеп, Айпері суға түскен жерге келгенде, оның жолбарыс жарып кеткен өлі денесіне тап болады. Оны көрген Қуатбек пен Медетбек қатты қайғырып, қыздың денесін ақ жуып, арулап өзеннің жағасына жерлейді. «Жатқан жерің жайлы болсын, Алла алдыңнан жарылқасын!» — деп қос батыр аттарына мініп, елге қарай бет бұрады. Қолда қару, қоржында ас жоқ, әбден жүдеген Қуатбек пен Медетбек жиырма тәуліктей жол жүріп, елге жетеді. осы күндері екеуі кездіктерімен астарына мініп келе жатқан аттарының құлағын тәулігіне екі реттен кертіп, қанын сорып қорек еткен екен. Ауылға жеткенде аттарының құлақтары шұнақ болған екен...
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі