Маршалл Брюс Мэтерс III Миссури штатындағы Сент-Джозеф атты кішкентай қалашықта 1972 жылдың 17-ші қазанында дүниеге келді. Ата-анасы жергілікті музыканттар еді. Анасы 15-жасында күйеуге шықты. Біраз уақыттан соң, Маршаллдың әкесі отбасын тастап, Калифорнияға кетіп қалады, содан бері ұлымен көріспейді. Бала кезінде, Эминем анасы екеуі штаттан-штатқа көшіп, бір жерде бір жылдан аса уақыт тұрған емес. Эминемнің жасөспірім кезінде әкесіне жиі хат жазып тұрғанымен, жіберілген хаттар әрдайым «жіберушіге қайтарып беру» деген штамппен қайтып келе берген екен.
Достарыны, отбасы және сыныптастары Маршаллды жиі буллингке ұшырайтын, жалғызсырап жүретін бірақ, бақытты бала деп сипаттайтын. Мысалы Д’Анджело Бейли жас Маршаллды дәретханада қатты соққыға жыққаны соншалық, басын жарып тастаған көрінеді. Балалық шағының көп уақытын Эминем Детройттың көбіне афроамерикандықтар тұратынн ауданында өткізген. Эминем тұрған көшеде бар болғаны үш ақ нәсілді отбасы өмір сүргендіктен, қара нәсілділер Эминемді жиі соққыға жығатын болған. Сабақты көп өткізіп, нашар баға ала бергені үшін, ол тоғызыншы сыныпта үш жыл бойы қала беріп, кейін 17 жасында мүлдем мектепті тастап кетеді.
Анасына көмектесу үшін Маршалл бірнеше жұмыста істеуге мәжбүр болған. Анасы үйде жоқ болған кезде, Эминем радионы қосып, өзі де ән жазып бастаған. Рэп дегенді алғашқы рет Ронни атты туысқан ағасы алып берген кассетадан тыңдап көреді, кейіннен сол Ронни Эминемнің музыкадағы тәлімгері болады. Бірақ 1991 жылы Ронни өзін-өзі өлтіріп, суицид жасайды. Осыдан кейін Эминем қатты депрессияға ұшырап, тіпті сол ағасының жерлеуіне бармайды.
14 жасында Эминем мектептегі досы Майк Рубимен бірге «Manix» (Руби) и «M&M» деген атпен рэп оқып бастайды. «M&M» Маршалл Мэтэрс дегенді білдіргенімен, оқылғаны Эминем болғандықтан, бүгінгі күнге дейін ұлы рэперді осы атымен танимыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі