Автор:
Ерте-ерте-ертеде,
Көкорай шалғын өлкеде.
Ақылды әрі пысық,
Өмір сүріпті мысық.
Бірде ерте тұрып, беті-қолын жуып, сиыр сауып, сүт ұйытып жүрген мысыққа алып-ұшып қоян келіпті. Келе сала былай депті:
Қоян:
— Сәлем Пысық-Мысық! Маған шұғыл көмегің қажет? Кешке тойға бармақшы едім. Мына матадан әдемі көйлек тігіп берші?
Мысық:
— Сәлем сәнгер қоян! Қазір, өлшеміңді алайын.
(Қоянның иығын, арқасын, белін өлшеп алып, дереу көйлек тігіп береді.)
— Көп рақмет, Пысық-Мысық! Бағасы қанша болды?
Мысық:
— Негізі жеті мыңға тігем. Саған алты мың болсын.
Қоян:
— Маған жеңілдік қажет емес. Жеті мың төлейін. Рақмет саған Мысық дос! Әдемі мата көрсең маған көйлек тігіп қой. Сатып аламын.
Өлшемді білесің.
Мысық:
— Рақмет саған, Қоян! Әлбетте.
(Қоян кетеді. Артынан дереу біреу есік қағады. Ашса Түлкі тұрады.)
Түлкі:
— Сәлем Пысық-Мысық! Маған шұғыл көмегің қажет?!
Мысық:
— Сәлем сұлу Түлкі! Не боп қалды тағы?
Түлкі:
— Аяқ астынан үйге қонақтар келіп қалды. Сататын бәлішің бар ма?
Мысық:
— Жеміс бәліші бар. Какао қосылған, құлпынаймен.
Түлкі:
— Тамаша! Біреуін бере салшы.. Қанша тұрады?
Мысық:
— Негізі 6000 теңге тұрады. Саған 5000-ға берейін?!
Түлкі:
— Рақмет, Пысық-Мысық! Менің көмегім қажет болса айт?!
(Түлкі Қоянға 5000 теңге береді. Қоян ақшаны алып, қуанып әмиянына салып қояды. Түлкі кете сала тағы есік тақылдайды. Ашса Қонжық екен.)
Қонжық:
— Сәлем Пысық-Мысық! Көмектес! Табаныма тікен кіріп кетті... Тікенін алып, май жағып берші...?!
Мысық:
— Сәлем Қонжық! Қане табаныңды әкел?! (Тікенін алып, май жағып байлап береді.)
Рақмет Пысық-Мысық! Менің көмегім қажет болса айтарсың?
(Қонжық кетеді. Есікті біреу қағады. Мысық есікті ашса, ешкім жоқ, жерге қараса Кірпі тұрады.)
Кірпі:
— Сәлем Пысық-Мысық! Орманда аңдар жарысы өтіп жатыр. Маған тез жүретін аяқкиім тауып берші?
Мысық:
— Аяғыңның өлшемі қанша? Менде Ролик бар. Киіп көрші? (Ролик аяғына шақ келген кірпі, қатты қуанады.)
Кірпі:
— Бағасы қанша тұрады?
Мысық:
— Тегін-ақ ала бер! Кей сатып алушыға не тегін, не жеңілдікпен беремін.
Кірпі:
— Рақмет саған Мысық дос! Кезі келгенде осы жақсылығыңды артығымен қайтарармын!
(Кірпі кетеді. Қайта есік тақылдайды. Ашса Қасқыр тұрады.)
Қасқыр:
— Сәлем Пысық-Мысық! Аштан өлмесін десең, жылдам, тамақ бер! Не бар жейтін?
Мысық:
— Қазақша ет бар!
Қасқыр:
— Әкел дереу бір табағын! (Мысық Қасқырға үлкен табақпен ет береді. Қасқыр бір-ақ асап, жей салады. Сосын қалтасынан 5000 теңге алып, Мысыққа береді де, былай дейді):
— Рақмет Пысық-Мысық! Күніге маған тамақ дайындап тұруға қалайсың?
Мысық:
— Айтсаңыз болды Қасеке! Тек алдын-ала тапсырыс беруді ұмытпаңыз...
Қасқыр:
— Жарайды! Сау бол. (Кетеді)
(Балалар, ертегі осылай жалғаса береді. Тағы «қай аң, не сұрап келеді?» деген таңдауды өздеріңе қалдырдым. Ары қарай Мысық асхана, емхана, дүкен, шеберхана т.т. ашып, жұмысшылар жалдайды. Әркім өз нұсқасын ойлап тауып, ертегіні жалғастырса болады. Тасымалдаушы-жеткізуші, такси жүргізуші, сатушы, дәрігер, мұғалім, спортшы, турист т.т. түрлі аңдардың тізімін жасап, сахналасаңдар болады.)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі