Жыл сайын 20 қарашада әлем қауымдастығы БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысымен Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін атап өтеді.
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, халқымыздың үштен бірінен астамы — балалар. Елімізде 6 млн 800 мың жас азамат бар. Сондай-ақ мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі — балаларды қорғау мен қолдау.
«Құрметті балалар, егер сіздердің құқығыңыз бұзылса, құрдастарыңыздың немесе ересектердің әділетсіздігі мен зорлық-зомбылығына тап болсаңыз, әр уақытта үлкендерге жүгіне аласыздар.
Ең алдымен, өз ата-аналарыңды тыңдаңыз — олар сіздің басты қорғаушыларыңыз. Сынып жетекшісі, мектеп психологы сіздерге қажетті қолдауды көрсетуге әрдайым дайын. Сіз «111» нөміріне қоңырау шалу арқылы тәулік бойы шұғыл көмек ала аласыз, сондай-ақ «Бала қорғау» чатына жазсаңыз біз сіздерге міндетті түрде көмектесеміз», — деді Оқу-ағарту вице-министрі.
Ведомство өкілі сондай-ақ, орта білім мәселесіне тоқталды.
«Ел Конституциясына және Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенцияға сәйкес, әр баланың сапалы орта білім алуына толыққанды құқығы бар. Қазіргі уақытта елімізде 3 миллион 800 мың оқушыға білім беретін 7800 мектеп оқыту тілін таңдауға еркіндік береді», — деді Еділ Оспан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Вице-министрдің айтуынша, ведомство балаларға қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізіп отыр. Үш жыл ішінде балалар үшін 340 мың орынға арналған 626 мектеп пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 740 мың қосымша орны бар тағы 369 заманауи мектеп бой көтереді. Оқушы үшін орын тапшылығы мәселесі осылай шешілмек.
«Балалар мекемелерін терроризмге қарсы қорғау шеңберінде бұрын-соңды болмаған кешенді қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылуда. Бұл мектептерді бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтуға мүмкіндік берді. Министрлік пен әкімдіктердің арқасында мектептердің көпшілігі Жедел басқару орталығына қосылған және лицензиялық қауіпсіздік пен дабыл түймелері орнатылған», — деді Еділ Оспан.
Сондай-ақ мектебі жоқ ауылдардағы оқушыларды қауіпсіз тасымалдау мақсатында 500-ден астам заманауи автобус сатып алынғаны айтылып өтті. Бұл шаралар тұрғылықты жеріне қарамастан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі