Автор:
— Қадір Мырзалиевтың балалық шағы — аштық, репрессия, соғыс жылдарымен тұспа-тұс өткен. Сол күндердің бірінде, ауылға Ақтөбеден әуесқой әртістер концерт қойып келеді.
1-бала:
— Жігіттер, бүгін Жымпитының мәдениет үйінде концерт болады екен. Барамыз ба?
2-бала:
— Ақша жоқ қой? Қалай көреміз?
3-бала:
— Терезесінен кірейік?
4-бала:
— Жүріңдер! Қадір жүр?
(Арасында бір бала салмақты, ойлы кейіппен, достарының соңынан кетеді. Сосын ұлдар сахнаға қайта шығады.)
Қадір:
— Жігіттер, жаңағы «Он алты қыз» деген ән қандай керемет жазылған, ия? Тыңдап отырып мен кластағы он алты ұл туралы ойлап кеттім. Тіпті алты шумағын жазып та тастадым!
1-бала:
— Қане, әкелші?!
2-бала:
— Мәссаған, мынауың керемет өлең ғой?
3-бала:
— Әкелші, көшіріп жазып алайын?
Автор:
— Осы өлеңнен кейін, Қадір «ақын бала» атанып кетеді. Әрі үш жылға дейін өлең жаза алмай қалады. Кейін қайта шабыттанып, бір қалың дәптер өлеңдер жинағын жазады.
(Сахнаға екі бала шығады. Бірінің қолында Қадірдің өлең дәптері.)
1-бала:
— Мынаны көрдің ба?(қулана күледі)
2-бала:
— Бұл не?
1-бала:
— Қадірдің өлең дәптері.
2-бала:
— Оны не қыласың?
1-бала:
— Өртеп жіберемін. Күні-түні бізбен ойнамай, не сөйлеспей, осыны жазады да жатады.
2-бала:
— Өй, есің дұрыс па? Ренжітесің ғой досыңды?
1-бала:
Ренжімейді!
2-бала:
— Ренжиді!
1-бала:
— Онда сен бар да, менің оның өлең дәптерін өртеп жібергенімді айт! Не дер екен? Ал мен кеттім... Өлең өртеуге!
2-бала:
— Ақымақсың ба? Қой деймін?!
1-бала:
— Кеттім (Шығып кетеді. Осы кезде дәптерін іздеп, сахнаға Қадір шығады.)
Қадір:
— Жігіттер, менің жыр дәптерімді көрмедіңдер ме?
2-бала:
— Ренжімеші Қадір! Досың сенің дәптеріңді өртеп жіберді.
Қадір:
— Неге?
2-бала:
— Бәлкім сені өлеңнен қызғанған болар? Өйткені үнемі жалғыз, жазасың да отырасың? Досың сені сағынған болар?
Қадір:
— Солай де! (Ойланып қалады) Мейлі, өртегені де жақсы болған шығар?! Ішінде нашар өлеңдер көп еді.. Өзім ешқашан өртей алмаған болар едім?!
2-бала:
— Сонда сен мүлдем ашуланбайсың ба?!
Қадір:
— Жоқ! Мен енді тек жақсы өлеңдер ғана жазатын боламын! Өлең деген - ой мен сезімнің ар жағы. Мен — қазақпын! Ал қазақтың ұлттық тілі — өлең. Қайта жазатын өлең үшін, қайта тумайтын досыма қалай ренжиін?!
2-бала:(Қадірді құшақтап)
— Қадір, сен расында нағыз ұлы ақын болатын жігітсің! Біз әлі сенің жырларыңды жатқа оқитын боламыз!
Қадір:
— Достық жүрекке сияды,
Ақылға сыймайды,- досым.
Сол үшін кешірем,
Досымның ойынын.
2-бала:
— Жарайсың, досым! Жүрші.. Апам бүгін ет асып жатыр. Үйге барып, жақсылап әңгімелесейік?!
Қадір:
— Солай ма? Неғып тұрмыз онда? Тезірек бармай? Кеттік?!
(Екеуі кетеді)
Г. Қасенбай
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі