(авторлық ертегі қойылым)
Автор:
Ерте-ерте-ертеде,
Алма бақты өлкеде,
Аю өмір сүріпті.
Алма жеуге ұмтылған,
Аңдарды түгел қуыпты.
Бірде Алма бақтың жанынан өтіп бара жатқан Қоян, иісі бұрқыраған сары алманы көріп, дәмін татпақшы болады. Бірақ алдынан күзетші Аю шығып, былай депті:
Аю:
— Сәлем Қорқақ Қоян! Алма жегің келе ме?
Қоян:
— Сәлем Аю мырза! Ия, жегім келеді.
Аю:
— Олай болса, мен жайлы тақпақ айтып бер! Сосын ғана саған алма беремін.
Қоян:
Аю отыр партада,
Екi қолы қалтада.
Апай сабақ сұраса,
Ұйықтап қапты - масқара!
Аю:
—Өтірік! Мен ешқашан мектепке сабақ оқуға бармадым. Енді күт! Келесі келген аң мен туралы жақсы тақпақ айтса, кіресің!
(Екеуі әңгімелесіп тұрғанда, Мысық келеді.)
Мысық:
— Сәлем Аю мырза!
Аю:
— Сәлем Мысық! Алма жегің келе ме? Онда мен туралы тақпақ айт! Жақсы тақпақ не жаңылтпаш айтпасаң, алма жемейсің!
Қоян (сыбырлап):
— Мысық, «Аю отыр партаданы» айтпа!
Мысық:
— Жарайды! (сыбырлайды)
Аю алманы қорғар,
Жей алмай көп аңдар сорлар.
Аю:
— Тамаша! Кіріңдер! (екеуін баққа кіргізеді)
Автор:
— Осы кезде сылаңдап Түлкі жетеді.
Түлкі:
— Сәлем бердік Аю мырза! Бағыңыздың иісі қандай керемет?! Сілекейім шұбырып тұр. Кірсем бола ма?
Аю:
— Мен туралы керемет тақпақ немесе жаңылтпаш айт! Сосын ғана кіресің!
Түлкі:
— Аю алма бақты күзетеді,
Тақпақ сұрап, білмеген аңның қатесін түзетеді.
Аю:
— Жарайсың қу Түлкі! Кір!
Автор:
— Түлкіден кейін Кірпі келеді.
Кірпі:
— Сәлем Аю аға! Баққа кіріп, алма жейінші?
Аю:
— Тақпақ айт та, кіре бер! Тек тақпағың Аю туралы болсын?!
Кірпі:
— Аю балға барар,
Аюды аралар талар.
Аю:
— Қашан көрдің мені аралар талағанын? Басқасын айт!
Кірпі:
— Аю алма жейді,
Аю бал да жейді.
Егер тақпақ айтпасаң,
Баққа кіргізбейді!
Аю:
— Тамаша! Дәл айттың! Кіре бер!
Автор:
— Кірпіден кейін Тасбақа келеді.
Тасбақа:
— Сәлем Аю аға! Баққа кіріп, алма жейінші?
Аю:
—Сәлем Тасбақа! Мен туралы тақпақ айт та, кіре бер!
Тасбақа:
— Аю, Аю қорбаңбай,
Жүгіресің орманда-ай!
Аю:
— Өзің қорбаңбай! Басқасын айт!
Тасбақа:
— Аю деген — ақылды,
Тақпақ жаттауға шақырды.
Аю:
— Жарайсың! Кіре бер!
Қасқыр:
— Сәлем Аю мырза! Аштан өлмесін десең, алма бер?!
Аю:
— Сәлем Қасқыр! Мен жайлы тақпақ, жаңылтпаш айт та, кіре бер!
Қасқыр:
— Аю деген — алып аң,
Денесімен танылған.
Алма баққа кіреді,
Тақпақ айтқан ақын аң.
Аю:
— Керемет! Кіре бер!
Автор:
— Қасқырдан кейін Маймыл келеді.
Маймыл:
— Сәлем Аюеке! Алма бағыңа жіберші, бір талдан талға секіріп алмаңның дәмін татайын!
Аю:
— Сәлем Маймыл! Мен жайлы тақпақ немесе жаңылтпаш айтасың, сосын кіресің
Маймыл:
— Жарайды!
Аю досым күзетші,
Алма бақты күзетті.
Аңдарға өлең айтқызып,
Қазақшасын түзетті.
Аю:
— Тамаша, кіре ғой!
Маймыл:
— Рақмет!
Автор:
— Маймылдың соңын ала, Тышқан келеді.
Тышқан:
— Сәлем Аю мырза!
Аю:
— Сәлем сүйкімді Тышқан!
Тышқан:
— Аю мырза, жердің астымен кіріп, алмаңызды ұрлап жей берсем де болушы еді?! Бірақ олай істегім келмеді. Өзіңізден рұқсат сұрай келдім. Бақшаңызды аралап көрейінші?!
Аю:
— Адалдығыңа тәнтімін Тышқан! Десе де, шарт біреу! Мен жайлы жаңылтпаш немесе тақпақ айт та, кіре бер!
Тышқан:
— Аю бақша аралады,
Бақшаны жақсы аралады.
Бар екен бал аралары,
Бірақ Аюды таламады.
Аю:
— Қандай тапқыр Тышқансың! Кіре ғой?!
Автор:
— Осылай Аю алма жегісі келген аңдардың тілін дамытып, қазақ тілінің дамуына үлес қосыпты!
— Тілді осылай дамытты,
Қоңыр Аю жаңаша.
Жаңылтпаш, тақпақ білетін,
Аңдарымыз тамаша!
Үлгі алып солардан,
Біз де тақпақ айтайық?
Біздің сынып дарынды,
Жүлделі боп қайтайық!
Г. Қасенбай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі