Мен 2023жылдың түлегімін. 11 сынып оқып жүрген әрбір оқушының бар уайымы мамандық таңдаудан қателеспеу. Әрине мамандық таңдаумен қоса университет таңдаудан да жаңылмау керек. Мен 11сынып оқып жүргенімде пән таңдаудан, яғни мамандық таңдауда ұзақ ойланған жоқпын, ҰБТ жүйесіне Информатика пәні кіргенін естіп,бірден шешім қабылдадым. Бірақ ҰБТ маған оңай болған жоқ. Бұйырған 91 балл алып шықтым. Университет таңдаудан да қиналмадым десем де болады. Мен КазНУға түсемін деп нақты айтып жүретінмін. Себебі, КазНУ әлемдегі үздік 250 университеттердің бірі. Университет таңдау кезінде тәуекел етіп, бірінші КазНУ университетін жаздым.
Грант иегерлерінің тізімі шықты. Сол кезде мен өзімнің қалаған университетім КазНУға грантка түскенімді көрдім. Қуанышымда шек болмады. Асыға күн санап жүріп, университетімді көруге келген күн әлі есімде. Кіре салғандағы таулардың, жолдың бойындағы кафедралардың тізіле тұруы, бәрі-бәрі бір картина секілді көрінді. Мен сол күні КазНУға ғашық болдым.
Оқу күні таяп студенттер жатаханаға орналасып бастады. Жатаханадағы өмір өте ерекше, нағыз жастық шақтың керемет естелігі болатыны сөзсіз. Жатахананың ішіндегі атмосфера да басқаша, ішінен жақын достар тауып, күнің қызықтар мен естеліктерге толы болып өтеді.
КазНУда көптеген ұйым түрлері бар. Мен соның ішіндегі “ОПП”- Құқықтық тәртіп сақтау жасағы ұйымындамын. Біздің негізгі мақсатымыз, осы жатаханың тыныштығын қадағалау. Ұйымдардың пайдасы студент өз ортасын тауып, ашыла алады.
Спорт жағынан да қамтамасыз етілген. Студенттер Дене шынықтыру сабағында өздері қалаған спорт түрін таңдап, қатыса алады. Мысалы Волейбол, Баскетбол, Гандбол,Теннис сияқты спорт түрлері мен айналыса алады. Және де осы сияқты спорт түрлерінен жарыстар да ұйымдастырылады.
КазНУ осы университет студенттерінің бір қалашығы десек те қате болмас. Себебі, КазНУда студенттерге қажетті барлығы бар. Ауырып қалсаң Керемет ішіндегі аурухана, кітап оқығың келсе Әл-Фараби атындағы кітапхана және т.б. Жалпы айтқанда КазНУда барлығы қамтамасыз етілген.
Мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне түскеніме және таңдаған мамандығыма ешқашан да өкінбеймін. КазНУ мүмкіндіктер мекені. Менің болашағым жарқын боларына сенімдімін. Болашақ студент болатын оқушыларға да осы университетке оқуға түсуге кеңес берер едім.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология және әлем тілдері факультетінің шет тілі кафедрасының аға оқытушысы Уразгалиева Светлана Аманжоловна
Ақпараттық технологиялар факультетінің 1-ші курс студенті Сүйінәлі Шұғыла
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі