Лидер дегеніміз – беделді, маңызды тұлға. Харизматикалық тұлғаға ие, жауапты шешімдерді қабылдай білетін көшбасшы. Джон Максвелидің «Көшбасшының 21 міндетті қасиеті» атты еңбегінде лидер ұғымын жан жақты қарастырады. Лидер болатын тұлғаның бойында мынадай қасиеттер болуы шарт деп түсіндіреді:
1. Ең алдымен ақылды адам естігеннің жартысына сенеді, ал қырағы адам қай жартысына сену керектігін біледі деген. Лидерлікке қабілеті бар адам өзіңе және өзінің командасына не керек екенін анық білуі маңызды.
2. Екіншіден, лидерлікке қабілеті бар адам қол астындағыларға үміт отын сыйлай білуі керек, мотивация бере алуы қажет. Шабыттандыра алатын лидер тобын жетістікке жеткізіп қана қоймай, нәтижелі болуына үлкен әсер етеді.
3. Лидер тұлға кез келген істі болсын оң нәтижелі қылып, ісің ойдағыдай асыра білу шарт. Бастаған істі соңына дейін жеткізе алмайтын тұлға құзіреттілігі бола алмайды. Бұл лидерлік дағдыға мүлдем жатпайды. Лидерлік дағдыларды қалыптастыруда лидер тек өз басының қамын ойлап қана қоймай, ол ең алдымен өз қарамағандағыларды, тобын, командасын ойлайды. Оның өз басының қауіпсіздігі не болмаса пайдасы, беделді секілді мәселелер кейінге қалдыруы тиіс.
Осы орайда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің магистратура базасында оқытылатын «Басқару психологиясы» пәні бұған айқын дәлел бола алады. Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Жубаназарова Назираш Сүлейменқызының жетекшілігімен пәнді оқу барысында магистранттарға тек теориялық білімді ғана алып қоймай, оны практика жүзінде айқындап отыруды, өмірлік жағдайлармен сәйкестендіріп шеше білуді үйретеді. «Лидерлік дағдыларды түсіну және қолдау» атты тақырыпта ой-талқылау кезінде магистрант жолдастардың әрқайсысы ойың ортаға салып, өзіндік жұмыс орындап, зерттеулерге шолу жасады. Лидерліктің психоаналитикалық теориясы талданды. Сонымен қатар, ғылым басшы және лидер деген ұжымға шекара қоя алса да, қарама қарсы қоя алмайтыны туралы пікірталастар болды. Нәтижесінде лидерлік тұлғаның басты қабілеттері мен өзің өзі ұстауы, кез келген мәселені алдын ала көре білуі керектігін, шындықты қабылдай алуын, басты мақсаттан шегінбеу керектігі туралы түрлі пікірлер айтылды. Семинар соңында қорытынды жасап, тұжырымдадық. Семинардағы талқылау кезінде көп тоқталған әрі қозғалғаны лидерлердің жауапкершілігі. Студенттердің біраз бөлігі – лидер тұлғаның бойында болу қажет ең бірінші қасиет жауапкершілік деп түсіндірді. Себебі жауапкершілікті сезінбеген тұлға, командасын (тобын) алдыға емес, керсінше артқа тартуы мүмкін. Сонымен, лидердің басты міндеті – ұжымның (топтың) эталонға жақын тәртібін қадағалау (жауапкершілік, тілектестік, өзара байланыс), жұмыстағы келеңсіз тәртіп түрлерін шешу, кез-келген жағдайда қолдау.
психология ғылымдарының кандидаты, профессор Жубаназарова Н.С.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты Мамирбаева А.А.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі