Өлең, жыр, ақындар

Лента крайты (Bungarus fasciatus)

Лента крайты (Bungarus fasciatus) - улы жыландар қатарына жатады. Олар Үндістан және Оңтүстік-Шығыс Азияның тропикалық ормандарында тіршілік етеді.
Лента крайты денесінің орташа ұзындығы - 180см, кейді 250см-ге дейін жететіндері де болады.

Лента крайты жыланы

Барлық лента крайттары түнде белсенді тіршілік етіп, жемтігін аулауға шығады


Лента крайтының денесі тегіс, жылтырақ қара және көкшіл қара түсті қабыршақтармен көмкерілген. 25-35 сары жолақтары болады.
Қоңырқай түсті басы үшбұрышты немесе трапеция тәрізді, кеудесімен немесе көкірегімен жалғасқан тұсы айқын байқалады.
Арқа қабыршақтары алты қырлы болғандықтан, әртүрлі реңк беріп тұрады. Бұл реңк оларға бұта, шалғын арасында жақсы бүркеніш бола алады.

Кейбір крайттар бір-бірін де жейді


Лента крайты құрғақ жерлерден, ағаш тамырларының астынан ін қазады.
Көзі жарыққа шағылысып, көрмей қалатындықтан олар күндіз қорғансыз болады. Сондықтан күндіз сақина тәрізді иіріліп, бастарын денесіне тығып жатады.


Лента крайтының уы адам өміріне қауіп тудырады. Шаққан жағдайда адамдар дереу дәрігерге көрінуі керек.
Лента крайты көбіне басқа жыландармен, тіпті кобралардың кей түрлерімен де қоректенеді. Сонымен қатар олардың негізгі қорегі - ұсақ сүтқоректілер, кесірткелер, балықтар, бақалар мен жылан жұмыртқалары болып табылады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз