Қазақстандық оқушылар қай күндері қысқы демалысқа шығады

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Қазақстандық оқушылар қай күндері қысқы демалысқа шығады

Қазақстандық оқушылар қай күндері қысқы демалысқа шығады — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Қазақстандық оқушылар қай күндері қысқы демалысқа шығады бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Қазақстандық мектептерде екінші тоқсан аяқталып қалды. Қысқы демалыс 2023 жылдың 29 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда 10 күнге созылады.

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының қысқы демалысын және бос уақытын тиімді, әрі тұлғалық дамыту мақсатында мектепішілік қысқы каникул іс-шараларының жоспарын әзірлеуде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» негізге алуды ұсынады.

Мектепішілік іс-шара жоспарына ғылыми жоба жұмыстары мазмұны туралы ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыруда жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар бірлесіп, ЖОО оқытушыларымен кездесу, ғылыми жоба туралы сұхбат жүргізу енгізілген.

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында – «Үнемі оқитын адам – табысты адам» тақырыбында оқырмандармен кездесу, оқыған кітаптары туралы талқылау бар.

«Ұлттық мектеп лигасы» жобасы негізінде – білім алушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуда білім ұйымдарымен бірлесе «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» спорттық ойындар өткізуге болады.

«Оқуға құштар мектеп» жобасында – «Мен оқыған бір ертегі», «Парасаттылық туралы» тақырыптарында білім алушылармен әңгімелесу;

«Ата-аналар мектебі» жобасын орындауда министрлік – «Қыз намысы – ұлт намысы», «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен», «Отбасылық таланттар» тақырыптарында ата-аналар жиналыстарын өткізуді ұсынады.

«Құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылады. Атап өтейік, аталған іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі», - деп жазылған министрлік хабарламасында.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

С. Жансезім

Сабыр түбі-сары алтын демекші адам баласы сабырлы болса бәріде болады. Ол үшін тек сабырлы болу керек. ????

Аружан

Ару әдемі сұлу, жан жылы мағына

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстандық оқушылар қай күндері қысқы демалысқа шығады туралы не білуге болады?

Бұл бетте Қазақстандық оқушылар қай күндері қысқы демалысқа шығады тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Білім, ғылым, мәдениет бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі басқа материалдар қысқы демалыс тақырыбындағы материалдар 2023 жыл тақырыбындағы материалдар мектеп тақырыбындағы материалдар оқушы тақырыбындағы материалдар admin жариялаған басқа материалдар