Соңғы бірнеше жылда алғаш рет талапкерлер ең көп таңдайтын бейіндік пәндер комбинациясы өзгерді.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлердің 18,4%-ы биология-химия пәндерін таңдаған. Бұл бейіндік пәндер комбинациясымен талапкерлер медицина, педагогика, ауыл шаруашылығы, ветеринария және т.б. бағыттарға оқуға түсе алады.
Сонымен қатар алғашқы бестікте математика-физика – 16,9%, математика-информатика – 11,7%, шет тілі-дүниежүзі тарихы – 9,4% және шығармашылық емтихан 9,3% бар.
Өткен жылғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, топ-5 өзгерген жоқ. Дегенмен 2023 жылғы қаңтар ҰБТ-сында талапкерлердің ең көп таңдаған комбинациясы математика-физика 19,2% болды. Екінші орында биология-химия – 18,6%, ары қарай шығармашылық емтихан – 10,2%, математика-информатика – 10% және шет тілі-дүниежүзі тарихы – 8,7%.
«ҰБТ-дағы ең танымал комбинацияның биология-химия деп өзгеруі талапкерлер арасында медициналық және ауылшаруашылық мамандықтарының басым таңдауға ие болғандығын көрсетеді. Соңғы бірнеше жылда ҰБТ-ның барлық кезеңдерінде талапкерлер инженерлік, құрылыс, педагогикалық және басқа да мамандықтарға түсуге мүмкіндік беретін математика-физика комбинациясын көп таңдады. Осы комбинацияда мамандық таңдау мүмкіндігі де көбірек, сонымен қатар гранттар алу ықтималдығы жоғары. Осыған қарамастан, 2024 жылы талапкерлердің 18,4%-ы биология-химия пәндерін таңдауды жөн көрді», - деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды, ол 10 ақпанға дейін жалғасады. 136 мың адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі