Әрбір адамда өзінің айналысатын сүйікті ісі яғни хоббиі болады. Хоббимен кез келген адам айналыса алады. Себебі сүйікті іспен айналысу арқылы миымыз тынығып, бос уақытымыз қызықты өтеді. Сарапшылардың айтуы бойынша хоббидің темперамент түріне тікелей байланысы бар. Досыныздың, әріптесіңіздің немесе таныстарыныздың хоббиін зерттей отырып, оның мінезінің қандай екенін түсінуге болады. Өзініздің сүйікті ісіңізді жасай отырып, сіз демалу арқылы жаңа күш аласыз. Сәйкесінше сіздің көңіл-күйіңіз бен мінез-құлқыныз тікелей өзгереді. Адамның айналысатын хоббиі оның мінезінен хабар береді ме?
Бос уақытында спортпен шұғылданатын адамдардың мінезі салмақты және төзімді болып келеді. Ондай адамдар жаңа таныстықтан қорықпайды. Хоббиі спорт болатын адамдарда уақыт аз болады. Сондықтан олар жиі бір жерге асығады да жүреді. Олар аздап жабық болғанымен сырт көзге жақсы көзқарас қалдырады. Спортпен айналысатын адамдар ерекше харизма иелері болып табылады.
Саяхаттауды жақсы көретін адамдар әдетте бір орында отыра алмайтын, әлемге ашық жандар болып келеді. Мұндай адамдарды экстраверттер қатарына жатқызуға болады. Ондай адамдар жиі ізденіс үстінде жүріп, тәжірибе алуға тырысады. Көбінесе мұндай адамдар шығармашылық жағынан дамыған, табиғатты жақсы көреді. Ең қызығы саяхаттауды жақсы көретін адамдарды қандай да бір темперамент түріне жатқызуға болмайды. Себебі олар әр кезде әртүрлі әмбебап бола алады. Сондықтан да мінездері де тура ауа-райындай құбылмалы болып келеді.
Егер адамның хоббиі өсімдіктерді өсіру және баптау болса онда олар қамқорлық жасағанды ұнатады. Бұл хобби түрі үлкен жауапкершілік пен назар аударуды талап етеді. Бірақ, мұндай адамдар ностальгияға, сентименталдыққа бейім болып келеді. Олармен кез келген тақырыпта сөйлесіп, пікір алмасуға болады. Қиын жағдайда бірінші өз қамын емес, өзгенің қамын ойлауға дайын.
Сурет салу, ән айту, музыкалық аспаптарда ойнауды ұнататын адамдар үнемі айналасына позитив сыйлайды. Мұндай хоббиге көбіне әлемге басқаша көзқараспен қарайтын адамдар бейім болып келеді. Олар үшін өз білімдері мен эмоцияларын басқалармен бөлісу өте маңызды. Шығармашыл адамдарда табаңдылық пен мотивация болады. Сол үшін әрбір сәтсіздіктерді олар жеңіл қабылдауға бейім болып келеді.
Хоббидің болуы адам баласын үнемі дамуға алып келетіні сөзсіз белгілі. Хоббидің жақсы немесе жаман түрі болмайды. Әдетте хоббимен айналысу адамды тұрақты және күйзеліске төзімді етеді. Сүйікті іспен айналысу бұл — өмірдің рахатын сезіне отырып, алдыға ұмтылуға әкелетін прогресс. Хобби табу арқылы адам өзін-өзі танып, жанға пайдалы іс таба алады. Сол үшін өзіңізге ұнайтын іспен айналысып, өмірдің ләззатын сезініңіз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Сара
неге бір түрлі қисық жазылған?
Malik_Dina
Сара ханым, бұл менің алғашқы мақалам болған соң айып етпеңіз???????? сәл-пәл түзейтін жерлері бар. Бұйырса барлығы реттеледі
Дастан
ойланатын нәрсе екен
QFront
Мақала үшін көп рахмет!