Адамзат үшін білім — сарқылмас байлық, өйткені ол ұрпақтан ұрпаққа жететін мәңгілік қазына тәрізді. Табиғаттың құпияларын бақылау, мектеп қабырғасында алған негіздер — білім әлемінің тек алғашқы баспалдағы ғана. Шын мәнінде, білім тереңдігі шексіз теңіздей, тек жоғары оқу орындары бізге сол тереңдікке енуге мүмкіндік береді. Мұнда біз ғылымның шыңына қадам басып, бұрын-соңды таныс болмаған құбылыстарды зерттейміз, ұстаздармен кеңесіп, кәсіби білімді тереңірек меңгереміз. Міне, бүгін біз сондай білім ордасы — ҚазҰУ-мен жақын танысып, ғылым жолына тағы бір қадам басамыз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — 90 жылдық бай тарихы бар, артында өшпес із қалдырған Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орны. ҚазҰУ – білім мен ғылымның ұштасқан орталығы, онда қазақ зиялыларының рухы сақталып, жаңа буынның дамуына үлгі болуда. Ал ғалымдары экология, нанотехнология, биотехнология және гуманитарлық ғылымдар бойынша халықаралық деңгейдегі зерттеулерге қатысып, еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға үлес қосып келеді. Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына бағытталған және оларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – әрбір студент үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын, білім мен біліктіліктің символы. Ол мемлекетіміздің жастарына болашағына сүйеу болар білімді беріп қана қоймай, сонымен қатар сол жастарды қолдаумен айналысады. Бәлкім сол үшін көптеген жастар осы оқу орнын биік деп бағалайды және таңдаудан жалықпайды.
Иә, ҚазҰУ-і ең мықты универлер бірі. Ол жастардың қызығушылықтарын қолдайды. Жаңа бағыт пен бағдар беруге асық. Студенттерді инициатор болуға шақырады. Бұл жоғары оқу орнының ерекшелігі тек осы ма? Жоқ! Ең басты себеп — сапалы білім болып табылады. Жақсы маман сапалы білім алмаса жақсы маман деген атқа лайықты бола ала ма? Жауапты өздеріңіздер де біліп тұрсыздар деп ойлаймын.
Болашақ мамандарға басқару ісіндегі психологиялық принциптерді түсіндіре отырып, олардың адамдармен жұмыс істеу қабілетін дамыту мақсатында «Басқару психологиясы» пәні оқытылады.
Басқару психологиясы тұлғалар мен топтардың мінез-құлқын тиімді басқару әдістерін зерттейтін ғылым саласы, ол басқарушылық үдерістің психологиялық аспектілерін түсінуге бағытталған.
Бұл пәннің мақсаты – қазіргі басқару психологиясының негізгі мәселелеріне шолу жасау, адам мінезі, адам ерекшелігі, темпераменті жайлы оқып, білу және көшбасшылық, шешім қабылдау, жанжалдарды шешу мәселелерін зерттеп, басқарушылардың психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Лидерлік пен мотивация жайлы толығырақ ақпарат алуға көмектеседі. Көркем тілмен айтатын болсақ, басқару психологиясы – адамның жан дүниесін түсіне отырып, оны басқару өнері.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің доценті, психология ғылымдарының кандидаты Жубаназарова Назираш Сулейменовна пәнді толық игеруге өз көмегін тигізуде. Кейде сапалы білім тек теория мен практикадан құралмайды, сонымен қатар білім берушінің қабілеттілігіне де байланысты болады. Білім берушімен тығыз байланыс пәнге деген қызығушылықты арттырады. Біз өз ұстазымызбен осындай тығыз қарым-қатынас арқасында ұстазға деген сенімділігіміз артып қана қоймай, ол кісінің пәніне де құштарлығымыз кеңейгені таза шындық.
Бұл пәнді оқу барысында тұлға деген атаумен таныстық. Оның қоғамдағы рөлі мен өзін ұстауы толықтай қарастырылды. Бізді басқарушылық дағдыларға үйретеді, атап айтатын болсақ, тиімді көшбасшылық стилін таңдап, әртүрлі тұлғалармен қарым-қатынас орнатуды үйретуде. Тұлға атаулыдан ұйымның құралуы, ұйым ішіндегі жанжалдарды шешу, қызметкерлерді ынталандыру, және стресс жағдайларын басқару әдістерін меңгеруге көмектеседі.
Біз адамның болмысын, оны қандай жолмен басқаруға болатынын және қандай сөздермен жігерлендіру керектігін терең түсіндік. Мемлекеттің негізін сол адамдар құрайды. Елдің бірлігі мен тұрақтылығын сақтау үшін әр адамның жан дүниесін түсіне білу, оның жүрегіне жол табу – басты міндетіміз. Мемлекет мықты болуы үшін, біз әр азаматтың арманы мен мұратын ұғынып, соларға сенім артуымыз керек. Өзіңді түсінбей тұрғанда өзгені түсіну қолымыздан келе ме?
Студент осы пәнді оқып-бітіру арқасында ең алдымен өзін таниды.. Өз ойын қоғамда нық әрі нақты жеткізуге қабілетті болады. Басқарушылық қызметте қажет маңызды дағдылар қалыптасады. Қалай өзіне және өзгеге мотивация беруді үйренеді. Адамдардың мінез-құлқын түсініп, әртүрлі тұлғалармен қарым-қатынас орната білуге машықтанады. Сонымен қатар, олұйымдағы психологиялық көңіл-күйді жақсартуға ықпал ете отырып, командалық жұмысты тиімді ұйымдастыра алатын болады. Басқару психологиясы арқасында игерілетін білім отандық және шетелдік еңбектеріне сүйене отырып тиянақты және ұстаздың қолдауымен түсінікті болады.
Қарапайым тілмен айтсам, мен өзімнің кім екенімді осы пән арқылы тереңірек ұқтым. «Мен қандай адаммын?» деген сұрақтың жауабын енді ғана тапқандаймын. Басқа адамдарды түсіну, олардың жан дүниесіне үңілу, қарым-қатынастың нәзік қырларын сезіну, стресс пен жанжал ұғымының табиғатын тану жолында бір қадам алға жылжыдым. Денсаулықтың тек тәнге ғана емес, жанға да қатысты екенін, рухани тепе-теңдіктің қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Енді осының бәрін біліп тұрып, мұның мәнін қалай жоққа шығаруға болады? Қалайша қажетсіз деп айта аламыз? Бұл білім болмай немене?
Жубаназарова Н.С.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
психология ғылымдарының кандидаты, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры
Баймолдина Л.О.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы,
PHD доктор, доцент м.а.
Байбатырова А.М. Филология факультетінің 1-курс магистранты
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі