2018 жылдың сәуір айында жұмысын тоқтатқан "Квестра" Кабо-Верде Республикасында орналасқан "Atlantic Global Asset Managment" компаниясының еншілес кәсіпорыны болып шыққан. Олар "клиенттерін" компанияның өкілдері мен веб-сайты арқылы іздеп тауып, қармағына іледі екен.
Еліміздің Бас прокуратурасы қор нарығында жоғары кірістерді уәде еткен осындай компанияларды тексерді. Олардың биржа нарығына ешқандай сатылым шығармайтындарын анықтады. Жаңа салымшылар есебінен қаржысын көбейтумен айналысқан.
— "Олардың құзырында депозиттерді қабылдауға рұхсат беретін Ұлттық банктің лицензиясы, жарғысы және мемлекеттік тіркеуден өткен реттік нөмірі жоқ;
— Ұйымның қаржылық капиталы туралы мәлімет те жоқ;
— Ұйымға келгендерге қойылар басты талап — мүшелік жарна төлеуді міндеттеу;
— Бонус солардың мүшелік жарнасының мөлшеріне қарап анықталады;
— Ең соңғы белгісі БАҚ арқылы жарнамасы: олар бұдан ақша аямайды.
Ұлттық банктің сайтында жарияланған мәліметтерге келсек. Олар 2010-2017 жылдары халықтың 7 млрд 145 млн теңгесін қақса, 2018 жылдың бірінші жартысындағы есеп — 20 млн теңге.
2022 жылдың ақпан айында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 30 мыңнан астам қазақстандық пирамидалардың жаңа құрбаны болып, 54 миллиард теңгеден астам шығынға ұшырағанын хабарлады.
1960 жылы америкалық олигарх Бернард Мэдофф адамзат тарихындағы ең ірі "Mэdoff Investment" қаржы пирамидасының ірге тасын қалаған. Ол жарты ғасыр бойы ірі компанияларды сазға отырғызуға негізделген қаржылық жүйені өмірге әкелді.
Мэдоффтан зардап шеккендердің арасында қарапайым тұрғындармен қатар, атақты адамдар да жеткілікті еді. Бейсбол спортының майталманы, "Нью-Йорк Метс" командасының иесі Фред Уилпон, актер Кевин Бэкон, режиссерлер — Стивен Спильберг пен Педро Альмодовар Медоффтың құрбандарына айналды.
Францияның, Голландияның, Жапонияның банктері де Мэдофф құрған тордан шыға алмай қалған.
Бұл процесс қазір бізде жалғасып жатыр. 1993 жылдан бері қаржылық пирамида индустриясы Қазақстанда "қарқынды" жұмыс істеп келеді. Мұны мамандар ашық айтып отыр. Қаржы салып "байып кеткендердің" өмірі туралы бейнероликтер халықтың көзін байлап, тереңдеп ойлануына апаратын жолды жауып тастағанын ұмыта алмай жүргендер әлі бар.
1995-2002 жылдар арасында Ұлттық Банк төрағасының кеңесшісі болған қаржыгер Ілияс Исаев халықтың экономикалық сауатының тым төмендігі себеп болғанын айтады. Ақпарат құралдарында қаржылық пирамидалар туралы жиі жазылғанымен, олардың әрекетін кәсіби талдау жағы кем.
Қазір де жағдай мәз емес. Себебі ақпарат құралдары емес, қаржы сарапшыларының өзі бұл тақырыпты талдап беруге маманданбаған.
— Олармен соттасу барысы 5 жылдан 8 жылға дейін жүреді. Сол аралықта қаржың инфляцияға ұшырап, құнын жоғалтады. Сол себепті қаржы пирамидаларынан аулақ жүру керек, — дейді қазақстандық қаржыгер Ілияс Исаев.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі