Зәйтүн майы – адам ағзасына өте пайдалы өнім. Салаттарды зәйтүн майымен араластыру керегін жиі естиміз. Ол адам ағзасына пайдалы диеталардың міндетті құрауышы болып табылады. Бүгін зәйтүн майы шаш денсаулығы мен сұлулығын сақтауға қалай көмектесетінін қарастырамыз.
Түрлі майлар кондиционерлік құралдың рөлін атқарады. Олар ұйысқан шаштың таралуын жеңілдетеді, үлпілдек шашты басады және шаштың зақымдалуын азайтады. Кей майлар боялған шаш түсін сақтауға көмектеседі.
Зәйтүн майы – құрамындағы қанықпаған майлы қышқылдардың мөлшері бойынша көшбасшы. Оның құрамында калий, кальций, темір, натрий, фосфор минералдары мен А, В4, Е, К дәрумендері бар. Ол шашты қатайтады, ылғалдандырады және қалпына келтіреді. Майсана майы сияқты зәйтүн майы да шашты зақымдардан қорғауда маңызды рөл атқарады.
Зәйтүн майы барлық типті шаштарға келеді, бірақ кей адамдарға (мысалы, шашы жұқа және майлануға бейім адамдарға) оның әсері ұнамай қалуы мүмкін. Ал зәйтүн майы шашы құрғақ, қатты, зақымдалған, сынғыш және бұйра әйелдердің, керісінше, көңілдерінен шығады.
Зәйтүн майын шашқа қолданудың ең қарапайым әдісі – оны таза күйінде жағу. Ол үшін майды құрғақ шаштың барлық ұзындығына және бас терісіне массаж жасай отырып жағыңыз. Содан соң басыңызға душқа арналған шапка киіп, 15 минуттай жүріңіз. Шашыңызды сусабынмен жуып тастаңыз.
- Сапалы зәйтүн майы шаш түптерін қатайтуға көмектеседі және шаш түсуін азайтады;
- Зәйтүн майы ылғалдандырушы әсерге ие, сондықтан шаш күтімді көрінеді;
- Оның құрамындағы антиоксиданттардың жоғары деңгейі шашты ерте ағарудан қорғайды;
- Зәйтүн майы мен басқа майларды араластырып жасаған маскалар шашты жұмсартуға көмектеседі;
- Зәйтүн майы тыныштандыратын қасиетке ие. Сондықтан бас терісі қатты құрғақ болғанда және қайызғақ кезінде зәйтүн майымен массаж жасау арқылы оның қышығанын басуға болады.
Егер адамда зәйтүн майына аллергия болмаса, оны шаш күтіміне косметикалық құрал ретінде қолдану еш қауіп төндірмейді. Оның жалғыз кемшілігі – шашы өте жұқа және майланғыш қыздарға жақпауы. Мұндай қыздар оны қолданған кезде шаштары жұмсақ әрі жібектей болудың орнына ауыр және майлы болуы мүмкін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі