Өлең, жыр, ақындар

«Алты жасар Алпамыс» к/ф (реж. Абдулла Карсакбаев, 1977 ж.)

Кішкентай Алпамыс пен Қалихан бір ауылдың балалары, екеуі дос. Жасы жетіге келген Қалихан жаңа оқу жылы басталғанда мектепке барады, ал алты жастағы Алпамыс қалып қояды. Досының оқитынына қатты қызыққан оның бар арманы мектепке бару. Мектеп терезесінің алдына келіп, мұғалімнің іс-әрекетін бақылап, өтіп жатқан сабақты түсінуге тырысады. Ал досы Қалиханның сабаққа аса құлшынысы болмайды. Бірақ, ол досының алғырлығын алға тартып, оның мектепке баруына көмектеседі. Екі достың тілегі қабыл болып, алты жасар Алпамыс 1-сыныпқа қабылданады.

Өндіруші: «Қазақфильм» киностудиясы; Жыл: 1977 Режиссері: Абдулла Карсакбаев Сценарий авторы: Роза Хуснутдинова Операторы: Әбілтай Қастеев Суретші: Александр Дериганов Композиторы: Нұрғиса Тілендиев Дыбыс операторы: Қадыр Құсаев Рөлдерде: Ермек Толепбаев, Уран Сарбасов, Бакен Кыдыкеева, Макиль Куланбаев, Канабек Байсеитов, Ж. Кайыралиев, Т. Рулла, М. Отебаев, А. Айдарбеков, Дарига Тлендиева.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Нұрлан Қ

Қызық кино екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз