Қазақстанда LRT тарихы қайталана ма?
TASYAPI INSAAT атты Түрік компаниясы Алматы-Қонаев және Талғар мен Қаскелең арасында 150 километрлік LRT 2040-шы жылға дейін жоспарланып салынбақ.
Алғашқы 26 километр қаланың шығысы мен батысын қосып, жоспар бойыншы 2026 жылға дейін біту керек.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев - «Адамдар жоғары жылдамдықты көлік туралы айтқанда, олар метро, LRT және BRT дегенді білдіреді. Метро құрылысы жалғасады, қаланың батысы мен шығысын байланыстыратын LRT бірінші кезегінің 26 шақырымы жобалануда, тек күздің соңында ғана бастайтын шығармыз. Техникалық-экономикалық негіздеу сатысы арқылы бізге жобалық-сметалық құжаттама және серіктестік қажет болады» - деп пайымдайды.
Қаланың шығысы мен батысын қосу жақсы идея себебі Алматы тек өзінің әдемі табиғатымен ғана емес, өзінің кептелісіменде елімізге әйгілі.
LRT Алматы қаласының қандай көшелерімен өтетініне Алматы қаласының қалалық ұтқырлық басқармасының бастығы Сағындық Тілебаев - «Бас жоспар бойынша бізде LRT-тің үш кезеңі бар. Біріншісі: Момышұлынан бастап, Төле биге дейін LRT электр депосы болады. Екінші жол «Барлық» базарына, үшінші — Талғар трактіне. Сол жерден Жароков «Қазақфильмге» көтермекпіз» - деді
LRT-ның оңтүстік астанамызға керек екендігі анық, себебі Алматыда 2,2 млн жуық адам өмір сүреді, ал 2023 e-Qonaq туристерді тіркеу жүйесі арқылы 557 мың шетелдік тіркелгендігін айтады.
Алайда ең қорқыныштысы осы LRT, біздің ел ордамыздың LRT тарихымен ұқсас болып, көптеген ақшаны ауаға кетіріп, коррупцияның символы болып қала ма әлде Жаңа Қазақстан орнай ма?.
Аманжол Ұлан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі