Әлем таныған Ұлы Абай

Басты бет / Оқушы және студент жұмыстары / Әлем таныған Ұлы Абай

Әлем таныған Ұлы Абай — Оқушы және студент жұмыстары бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Әлем таныған Ұлы Абай бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Абай — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай қазақтың әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшыл, философ, ақын. Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Алғашында білімін ауыл молдасынан ашқан жас Абай кейін Семейде оқуын жалғстырған. Жастайынан Шығыс поэзиясына қызығып, Шығыс ақындарына еліктеп өлең жаза бастады. Ұлы ақын өз шығармаларын біліммен өнерге арнаған. Абай 1885 жылда «жасымда ғылым бар деп ескермедім» - деп атаған тұңғыш шығармасын жазды. Осы өлең Абайдың ақындық жолының бастауы болды. Ақынның әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналды. 

Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде, соның ішінде ЮНЕСКО аясында аталып өтілді. Бұл біздің еліміз үшін де, барша қазақстандықтар үшін үлкен мақтаныш. Ұлы ақынның 175 жылдығы Әлемдік деңгейде аталып өтілді. Олардың бірі, 2020 жылғы 29 қаңтарда Будапештте Қазақстан Республикасы Елшілігінің Ұлттық академиялық кітапханасы делегациясының қатысуымен қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының мерейтойын атап өтті.

Абайдың көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған. Сондай ақ  «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» – атты поэмалары бар. 

Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Қазақ халқы әдебиетінің негізін қалаған тарихи адам. Елімізді әлемге танытқан, әрбір қазақ қанында тулап тұрар Абай атамыздың есімі еш өшпес.

Инабатова Ботагөз

Назар аудар:

Абай туралы 10 дерек

Абай Құнанбайұлы туралы

Абайдың поэмалары туралы

Абайдың аудармалары

Абай мен Құнанбай туралы

Абай Құнанбаев - Абайдың қара сөздері (1-45)

Абай өлеңдері



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Асельхан

Керемет????????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әлем таныған Ұлы Абай туралы не білуге болады?

Бұл бетте Әлем таныған Ұлы Абай тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Оқушы және студент жұмыстары бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Оқушы және студент жұмыстары бөліміндегі басқа материалдар Абай Құнанбаев тақырыбындағы материалдар Қазақ халқы әдебиеті тақырыбындағы материалдар тарихи адам тақырыбындағы материалдар ақын тақырыбындағы материалдар ағартушы тақырыбындағы материалдар botagozinabatova жариялаған басқа материалдар