Өлең, жыр, ақындар

Абай Құнанбаев - Абайдың қара сөздері (1-45)

Ұлы ақын, ағартушы, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шыңғыс тауды жайлаған Тобықты руында дүниеге келді.

Абайдың қара сөздері:

Абайдың арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос пен Жігітек тарайды. Әрқайсысы бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен Ырғызбай,  Көтібақ пен Топай туған. Олардың ішінде Ырғызбай оза шауып, ел басқару ісіне араласқан. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар мен Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болған деседі. Осы Өскенбайдың әйелі Зереден Абайдың әкесі Құнанбай туады.

Адал жүріп, адал тұр.

Ілмектер: адалдық Абай Құнанбайұлы

Құнанбайдың төрт әйелі болған. Бәйбішесі – Күңке, одан бір ұл – Құдайберді. Ал Ұлжан – Құнанбайдың інісі Құттымұхамбетке айттырылған қалыңдық. Інісі қайтыс болғаннан кейін Құнанбай келінін әмеңгерлікпен алған. Ұлжаннан Тәңірберді, Ыбырай (Абай), Ысқақ пен Оспан, үшінші әйелі – Айғыздан Халиолла мен Ысмағұл деген балалары туады. Абайдың "Атадан алтау, анадан төртеу" дейтіні содан. Құнанбайдың қартайған шағында үйленген төртінші әйелі – Нұрғанымнан бала болмаған.

Абайдың кейбір өлеңдері:

Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы

Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында

Патша құдай, сыйындым

Сүйсіне алмадым, сүймедім

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым

Кең жайлау - жалғыз бесік жас балаға

Ғашықтық іздеп тантыма

Айттым сәлем, Қаламқас

Сегіз аяқ

Қыс

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы

Абайдың басқа да өлеңдері

Абайдың өміріне қатысты қызықты деректер

- Абай Құнанбайұлының шын есімі - Ибраһим. Әжесі Зере "Абай" деп еркелеткеннен кейін "Абай" атанып кеткен;

- Құнанбайұлы көптеген өлеңіне өзі ән жазған. Олардың ішінде кеңінен тарағаны – "Көзімнің қарасы";

- Абай Құнанбайұлы алғашқы өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген;

- Абай Құнанбайұлы 13 жасында ел басқару жұмысына араласқан;

- Абай Құнанбайұлының алғашқы махаббаты – Тоғжан;

- Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Ол кезде Абай 15 жаста болды;

- Абай Құнанбайұлы 16 жасында әке болды;

- Абай Құнанбайұлы 21 жасында болыс болып сайланды;

- Абай Құнанбайұлы екінші әйелі Әйгерімге 30 жасында үйленген;

- Еркежан - Абайдың әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі. Ол Абайдың інісі Оспанның қалыңдығы болған. Еркежан Абайға өз қалауымен тұрмысқа шыққан;

- Абай Құнанбайұлының 36 жасында тұңғыш немересі Әубәкір дүниеге келді.

Назар аудар:

Абай туралы 10 дерек

Абай Құнанбайұлы туралы

Абайдың поэмалары туралы

Абайдың аудармалары

Абай мен Құнанбай туралы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (15)

Елдар

Абай мықты ақын!

Ерхан

Абайдың қара сөздерін осы күнге дейін оқымаппын, жасым 30 дан асып кетті. Оқып көрейін.

Аяулым

Абайдын олендері карасоздері оте кушті окысандар окінбейсіндер

Усен

Абай Кунанбай Атамыздын Кара создери адамга ерекше куш жигер береди окысаныздар окинбисиздер!!!!!

Ақмарал

Маған Абай атаның қарасөзіде өлеңіде керемет

..

Абай Құнанбайатамыздың өлеңдері мен қара сөздері жай бір ауыз "керемет" деген жеткіліксіз-ау деймін кей өлең сөздерінде адамгершілік мен сол заманның шындығын ашып, кедей жұрттың шерін төккен өлең шумақтарыда болады .менім ойымша Абай атамыз сол қара заманның жалғызғана сәулесін маңына шашып бір жұлдыздай.

Ақсұлу

Керемет

Аяла

Мен Абай Құнанбайева ибраһим ол өте жақсы адам ия өте күшті жазылған

Сая

Бүкіл дүние жүзі бас иген ақынымыз Абайдың қара сөздері ұрпаққа баға жетпес құндылық, әрбір қазақ ақынның қара сөздерін зер салып оқуы тиіс

Ақбота

Маған Абайдың қырық бесінші Қара сөзін тауып беріңізші

Ардана

Нақыл сөздері керемет!

Ардана

Абайдың қара сөздері керемет ұнады, оқыдым өкінбедім

Әбіш

Абай Құнанбайұлы атамыздың өлеңдері мен қара сөздері керемет, мықты, супер, сөз жоқ

Жанайым

Барлығы бар екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар