1. Абай Құнанбайұлы — Орта жүз, Арғын тайпасы, Тобықты руының билер әулетінде дүниеге келген. Кейін келе Абайдың өзі де ел ісіне араласа бастайды.
2. Абайдың азан шақырып қойған есімі — Ибраһим. Анасы — Ұлжан жас Ибраһимді «Абай» деп еркелетіпатаса керек. Кей деректерде бұл есімді Зере әжесі қойған деп те келеді.
3. Абайдың үш әйелі, он баласы болған.
4. Абай Құнанбайұлы (15 жасында көрген) алғашқы махаббатының есімі — Тоғжан болған. Хакім Шүкманды көргенде: «Әй, керім» дегені, содан барып жанындағы жолдастары Шүкманды «Айкерім» атап кеткені туралы айтылады. Айкерім мен Абай 1875 жылы отау көтерген.
5. Абайдың ел ісіне араласып жүрген уақытында кей бай-шонжарлар тарапынан наразылық туып, Абайдың үстінен арыз жазылған. Үзікбай Бөрібаевтың арызы ақынды он жылға жуық сүргінге салып қойған.
6. 1885 жылы Абай бастаған комиссия үш күн, үш түн 93 баптан тұратын «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін» жазып шығады. Ақынның абыройын асқақтатқан да осы «Қарамола съезі» еді.
7. «Қарамола съезінен» кейін Абайдың дұшпандары тіпті еліре бастайды. Бұл әрекеттері 1890 жылы асқынып барып, ақынға қастық қылмаққа ұласады. Дұшпандық әрекеттің басында Байғұлақ, Құнту атты жуандар мен 16 атқа мінер тұрған еді.
8. Абай алғашқы өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялағаны белгілі. Бір деректерде Абай Көкбайдан өз өлеңін бір қараға сатып алғаны айтылады.
9. Абайдың қара сөздері ең алғаш 1918 жылы, өзі өмірден өткен соң 14 жылдан кейін «Абай» журналында жарық көрді.
10. Абай Көкбайға «Наурызбай туралы» дастан жазуды тапсырды. Көкбайдың Наурызбай батырдың ақауызын суреттеген тұсына көңілі толмай, «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» атты өлеңін жазады. Бірақ, бұл өлеңде суреттелетін ат та Ақауызға ұқсамай, бұл өлең де Көкбай жазған «Наурызбай - Фатима» атты жырға енбей қалады.
Назар аудар:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Айзере
Өте керемет
Айзере
Өте керемет жазылған екен