Өлең, жыр, ақындар

Банан туралы не білесіз?

Бананды жақсы көресіз бе? Ол жайлы таңқаларлық әрі күтпеген деректергі білгіңіз келеді ме? Ендеше бізбен бірге банан әлеміне саяхатқа қосылыңыз!

1. Бананның қазақша аудармасы — мәуіз. Ұлы Жібек жолы тартылған кезеңнен бері солай аталған, банан да қазаққа таныс дәм болған.

2. Банан — шөпте өсетін жидек. Иә, банан ағашы әлемдегі ең үлкен шөптен басқа ештеңе емес, ал қалың діңі жәй ғана сабақ.

3. Банандар тек сары ғана емес, сонымен қатар қызыл және қара. Олардың еті өте нәзік болғандықтан өзге елдерге тасымалданбайды. Бұл банандарды тек Сейшел аралында жеп көруге болады.

4. Австралияда бананның жаңа түрін — Голдфингер шығарды. Олар бізге таныс бананнан өзгеше, өйткені оның консистенциясы мен дәмі алмаға ұқсайды.

5. Шын мәнінде, банандар радиоактивті. Олардың құрамында калий ғана емес, сонымен қатар изотоп бар: калий-40. Атом энергетикасында тіпті банан баламасы деген ұғым бар. Бірақ, ғалымдардың пайымдауынша радиоактивті изотоп адам ағзасына зиян келтірмейді.

6. Банан бойындағы радиацияға қарамастан өте тойымды және пайдалы. Тіптен картопқа қарағанда қоректік, ал кептірілген бананның калориясы жаңа піскен бананға қарағанда жоғары. Сонымен қатыр, бананда жүрек-қан тамырларына қажет В6 дәрумені мен калийдің көп мөлшері бар.

7. Ең көп банан Африканың Уганда қаласында желінеді. Жылына адам басына шаққанда 220 киллограм банан желінеді.

8. Жасыл бананды дәмсіз деп уайымдамаңыз. Ағаштан ерте жұлынған жасыл банандар тәтті болады.

9. Ал банандар қарайып кетпеуі үшін тоңазытқышта ұстаған дұрыс. Олардың қабығы температураның өзгеруіне байланысты қараяды.

10. Банан — гипоаллергенді жалғыз жеміс. Олар тіпті нәрестелер үшін де пайдалы. Бірақ қант диабетімен ауыратындарға банан жеуге болмайды.

Оқуға кеңес береміз:

Азықтар, дастарханға келердің алдында


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Марғұлан С

Бананды банан дей берсек болмай ма?

Қасым Ж

Бананды жақсы көремін

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз