М. Жұмабаев поэзиялық туындылары арқылы қазақ лирикасы мен эпикалық жанрын өзге жарық та жарқын жолға салған əдеби мұра болып табылады. Мағжанның қазақ əдебиетін дамытудағы еңбегіне жəне əдебиетті өрісін кеңейткен жаңашылдығына осы тұрғыдан қараған жөн. Кезінде мағжантанудың алғашқы кірпішін қалаған Жүсіпбек Аймауытов бұл туралы: «Қазақ əдебиетіне Мағжанның кіргізген жаңалығы аз емес, орыстың символизмін (бейнешілдігін) қазаққа аударды, өлеңді күйге (музыкаға) айналдырды, дыбыстан сурет туғызды, сөзге жан бітірді, жаңа өлшеулер шығарды. Романтизмді күшейтті, тілді ұстартты», — деп ақын ұстанымының көркемдік болмысын тап басып таныған болатын.
Көрнекті қазақ жазушысы, ақын, публицист, жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына тоқталып, оның бірнеше өлеңдерін ұсынамыз.
Мағжанның поэзиясы өмірін бір минутқа да тоқтатқан емес. Оның өлеңдері халық арасында, атаусыз, ұжымдық халық шығармашылығы ретінде өмір сүреді. Көркем сөздің көптеген басқа да шеберлері секілді Мағжан тек поэзияда ғана емес, сонымен қатар басқа да жанрларда – прозада, публицистикада өзін танына алды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Бекзат
Рахмет!!
Жанар
Мағжан Жұмабайұлы ның әндері көрпе?