Өлең, жыр, ақындар

Ағылшын тілін тез үйренудің жолдары

Көптеген адам шет тілін үйренуді мақсат етеді. Алайда ұзақ уақыт бойы бастай алмай жүреді. «Тілдік барьер» деген түсінікпен таныссыз ба? Бұл сөз адамның жат тілде сөйлей алмау қорқынышына анықтама ретінде берілген.

Қазіргі заманда ана тілді жетік меңгерген соң өзге тілді тануға кірісу керек. Бір емес, бірнеше тіл білген тіпті жақсы.

1. Есте сақтау қабілетіне көмек

Шет тіліндегі жаңа сөздерді жаттау қиынға соғары сөзсіз. Алайда бәрі сіз ойлағандай қиын емес. Шет тілінде сөйлей білу үшін бар болғаны 300 сөз жаттауыңыз керек. Бұл – ағылшын тілді адамдардың күнделікті пайдаланатын сөздік қорының 65 пайызы. Сол себепті басты, негізгі сөздерді карточка ретінде жазып, жаттап алыңыз.

Назар аудар:

Ағылшын тілін тез үйрену үшін керекті 400 сөз

2. Когнаттар

Когнат дегеніміз әртүрлі тілде ұқсас дыбысталатын сөздер. Мысалы ағылшынның sister сөзі норвег, дат тілдерінде søster, неміс тілінде Schwester, итальянша sorella, французша soeur болады.

Ағылшын тілін үйренген адам әдетте итальян, испан, неміс, француз тілдерін тезірек меңгеріп алады. Себебі көп сөзі ұқсас келеді.

3. Тілдесу

Skype – ағылшын тілі ана тілі болып келетін адамдарға тілдесуге мүмкіндік беретін құрылғы. Ғаламторда басқа ұлт өкіліне өз тілін үйретуге дайын адамдар баршылық. Тіл үйрететін арнайы сайттарда әңгімелесетін адам тауып, күнде сөйлесіп тұрсаңыз, тез меңгеріп аласыз. Әрі бұл тегін!

4. Тілдік орта

Күнде ағылшын телеарна, радиоларын қосып, тыңдауды әдетке айналдырыңыз. Youtube-тан сан түрлі видеоблог қарап, құлақты «үйретуге» болады. Әжептеуір тіл түсінетін болған кезіңізде фильмдерді дыбыспен қарауыңызға болады.

5. Балалар

Балаға тіл үйрету барысында адам жаңа сөздерді тез жаттайды. Сондықтан балаңызбен немесе іні-қарындастарыңызбен бірге тіл үйреніңіз.

6. Нақты мақсат

Кез келген жаңа істі бастауда алдыңызға нақты мақсат белгілеп алуыңыз керек. Тіл меңгеру барысында өзіңізге қандай талап қойдыңыз? Оларды орындаудың қандай жолдарын ойластырдыңыз? Бәрі-бәрін қағаз бетіне түсіріп, нақтылаңыз. Мақсаты жоқ іс ұзаққа жетпейтінін естен шығармаңыз.

7. Қайталау

Ағылшын тілінде жаңалық қарай отырып, диктордың сөйлеу мәнерін ғана емес, ым-ишарасын қайталауға тырысыңыз. Сонда сіз тілді пайдалану барысында өзіңізді жайлы сезіне аласыз.

8. Қателіктер

Қателесуден қорықпаңыз. Ағылшын тіліндегі бір сөйлемде сөздердің орнын ауыстырып айтсаңыз да сұхбаттасушыңыз түсінеді. Сондықтан онда тұрған ештеңе жоқ. Бұл сіздің ана тіліңіз емес болғандықтан, қателесуге хақыңыз бар. Қателерді түзеу арқылы, сүріну арқылы ғана мақсатқа жете аласыз. Дұрыс сөйлеуді үйренесіз.

Назар аудар:

Ағылшын тілін тез үйрену үшін керекті 400 сөз

Зерікпей ағылшын тілін қалай үйренуге болады?

Американдық және Британдық ағылшыншаның айырмашылығы

Шет тілін үйренуге көмектесетін телеграм каналдары

Жақсы үйретуші (репетитор) қандай болу керек


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз