Волейбол — тек ептілікті ғана емес, сонымен қатар командалық ауызбіршілікті талап ететін ерекше спорт түрі. Халықаралық әйелдер күнінен орай, 2025 жылы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданында 10-11 сынып оқушы қыздары арасында волейболдан кезекті аудандық турнир өтті.
Биылғы жарысқа ауданның түкпір-түкпірінен ең үздік деген 6 мықты команда жиналды. Тордың екі жағындағы тартысты әр кездесу сайын қыза түсіп, қатысушылардың жеңіске деген құштарлығы мен рухын жеткізді. Атап айтқанда, алаңда мына мектеп құрамалары кездесті:
Пацаев орта мектебі;
Қосестек орта мектебі;
Бадамша 1 мектебі;
Петропавловка орта мектебі;
Ашшилісай орта мектебі;
Бадамша 2 мектебі;
Турнирдің ең тартысты сәті Пацаев орта мектебі мен Бадамша 1 мектебі арасындағы ойын болды.
Бұл кездесу барысындағы кәсібилік көрермендерді қызықтырды. Қыздар тек шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар терең тактикалық дайындықтарын, жеңіске деген жігерлерін көрсетті.
Қазылар алқасының шешімі бойынша
І орын Бадамша 1 мектебі
ІІ орын Бадамша 2 мектебі және де
ІІІ орынды Пацаев орта мектебі иеленді.
Жоғары деңгейде өткен бұл шара барлық қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлады. Жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!
- Нарша Булгакбаев
- Марғұлан Сейсембай
- Әлкей Марғұлан
- Әлкей Марғұлан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі