Өлең, жыр, ақындар

Өтірік туралы нақыл сөздер

1.Жалған сөз — ауру, шаншудай,
Әділ сөз — шипа, жанға жай.

2. Бір сөзі өтірікші бар сөзі өтірік.
А.Иүгінеки

3. Өтірік сөзден құт қашар.
Ж.Баласағұн

4. Өтірік сөз өрге баспас.
Қорқыт

5. Жалған сөйлеген соңынан ұялар.
Ә.Науаи

6. Шын сөзге жалған сөз жалғама,
Шын айта алатын тілді өтірік сөзбен былғама.
Ә.Науаи

7. Ғайбат істің өлшеуі — өкінішті.

8. Жай сұраса — шындап жауап бер.

9. Жақындатпа өсекшіні, жырынды,
Көріп-біліп елге жаяр сырыңды.
Ж.Баласағұн

10. Жанын сату — қателік.
Құтб

11.Жалған сөзден жаксылық күтпе.

12. Екі нәрсе бір адамға келсе егер,
Жаксылық жок, жамандықка жол шегер.
Оның бірі — керексіз сөз, ауан сөз,
Екіншісі — жалған айтқан сөз бекер

13. Шын сөзің — бал, жалған сөзің — жуадай,
Жуа сасып бал иісін куады-ай,
Шын сөз — шипа, өтірік сөз кесел гой,
Ескі сөзден осындай ой туады-ай!

14. Өтірікшіден аулак жүр
А.Иүгінеки

15. Теріс айтпас кісіге бәрі сенім артады,
Аты шыққан суайтқа қалай ішің тартады.

16. Пайдасыз шындыктан пайдалы өтірік жақсы.

17. Өтірік сөз жарақат сияқты: жазылса да орны қалады.
С.Сараи

18. Шындығы бар жерді мақтан етү
Әл-Фараби

19. Шыгам десең, беделіңмен есепке,
Араласпа айдап салар өсекке.

20. Игілікті істі өсек бұзады.

21. Бар бақытты сақта, өсектер жұтатар,
Ол кіріссе — жоқтан жоқты тұтатар.

22. Сөзі жалған кісінің жүзі төмен.

23. Қаш өсектен, бар қабырғаң сөгілер,
Ол жүргенде ар-ұятың төгілер.

24. Өзгені жуытсаң да, өсекшіні жуытпа.

25. Жақсының ізін өсекші бұзады.

26. Отын — оттың жануына себеп,
Өсек — достың тануына себеп.
Ж.Баласағұн

Назар аудар:

Өтірікті дауыстан танудың 5 түрлі әдісі

Өтірік туралы мақал-мәтелдер

Өтірік туралы ұлағатты сөздер

Сайттағы барлық мақал - мәтелдер

Ұлағатты сөздер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз