Өлең, жыр, ақындар

Қазақша резюме үлгілері, түйіндеме үлгілері (РЕЗЮМЕ ЖАЗУҒА ҚАТЫСТЫ 7 КЕҢЕС)

Түйіндемені жүктеу

РЕЗЮМЕ ЖАЗУҒА ҚАТЫСТЫ 7 КЕҢЕС

1. Түйіндемені ешқашан Word форматта жібермеңіз. Себебі Уорд форматта кез келген ақпаратыңыз өңделеді және пошта арқылы ашқанда әріптер жан-жаққа шашылып, ұсқынсыз көрінеді. Microsoft Office соңғы жылғы версияларында Word форматты сақтағанда PDF етіп сақтауға болады.

2. Түйіндемеге міндетті түрде позитив фотоңызды қойыңыз немесе фотоңызды көретін әлеуметтік желілеріңіздің адресін жазыңыз. Мысалы, менің компанияма клиенттермен сөйлесетін бойы ұзынырақ қыз керек деген соң, түрі де, дене бітімі де маңызды. Сондықтан адамның түрін көруіміз керек.

3. "Маған резюменің үлгісін жібере аласыз ба?", резюме жіберіңіз деген поштаға "Сізбен қалай xабарласуға болады?" немесе барлық шарттарын жазып қойған жарнама туралы "Ол қандай жұмыс екенін толығырақ білуге бола ма?" деп онсыз да жұмысы көп адамның уақытын алып, жүйке талшықтарын өлтірудің "ауыр күнә" екенін айта кетейін )))

4. Істемейтін телефон нөмірді, компаниядағы поштаңызды немесе университетіңіздің, клубыңыздың, группаңыздың поштасын беруші болмаңыз. Сондай-ақ, резюмені құжат ретінде емес, жеке чатқа, поштаға мәтін түрінде жіберуді қанша ойласам да түсіне алмадым. Аяқ астынан жұмыс шыққан соң, асығып-үсігіп жаза салған сияқты көрінді.

5. Қазіргі заман әлеуметтік желілердің тренд болып тұрған уақыты. Сондықтан сізді шақырып, әуре қылмай қандай маман екеніңізді білу үшін әлеуметтік желідегі аккаунттарыңызды да қосымша ақпарат ретінде қалдыра салу зиян болмайды. Болашақта осы парақшамды менің жұмыс беруші компаниям қарайды-ау деген стратегиялық жоспармен қазірден бастап, әлеуметтік желідегі әр салған фотоңыз бен жазбаңызға аса мән беріңіз. Инстаграм мен Фейсбуктағы анкетаңызды көрген адам резюме көргендей күй кешетін болсын. Сонда сізге жұмыс берушілер көптеп xабарласады.

6. Жалпы қазірден бастап, резюмесіз жұмысқа кіретіндей деңгейде мықты, кәсіби маман болуға тырысыңыз. Сіздің әлеуметтік желідегі жазған жазбаңызды көріп, бірден жұмысқа шақыратын немесе оффлайнда өзіңізді қалай ұстап, қалай сөйлегеніңізге қарай сізге аяқ астынан жұмыс ұсынатын деңгейде алғыр hәм пысық болыңыз. Өз басым бір рет қана "для галочки" құжаттар тізімінде болу үшін ғана резюме жазып көрдім. Бірақ оның өзі аппақ парақта емес, көздің жауын алмаса да, кішкене әдемірек болды.

7. Резюмеңізді барынша сәндеңіз. Аппақ парақтағы резюмені кез келген ксерокс жасайтын жердегі жігіт жасап береді. Ал мына суреттегідей түрлі түсті резюмені жасасаңыз, жұмыс беруші креативіңізге тәнті болып, міндетті түрде xабарласады. Google.com атты Құдай бере салған сайт бар, соған кіресіз де, "cv templates word" немесе Russian-ша "резюме шаблоны word" десеңіз, тегіні бар, ақылысы бар миллион түрлі шаблон шығарып береді, соның біреуін алып, бүкіл мәліметіңді салып шықсаңыз, өз резюмеңізге өзіңіз ғашық болып қаласыз.

 

Түйіндеме үлгісі

Тегі, аты-жөні _____

Туған күні:

Туған жері:

Отбасылық жағдайы: бойдақ

Мекен-жайы: _____

Телефон: _____

Үй телефоны: --

E-mail: _____

Мақсаты: Мансап өсуімен тұрақты және қызықты жұмыс табу. Орта мектепте мұғалім ретінде баға жетпес тәжірибе жинау.

Білімі: 2014-2018, Павлодар Бизнес-колледжін Техник-бағдарламашы мамандығы бойынша үздік бітірдім.

Диплом бойынша мамандығы: Информатика мұғалімі

Жоғары: 2018-2021 Еуразия Ұлттық Университеті

Оқыту түрі: күндізгі

Факультет: Ақпараттық технологиялар

Мамандығы: Информатика мұғалімі

Қосымша білім: RAD Studio XE7

Scratch

Cisco Networking Academy курсынан өттім

Және басқа бағдарламалық қамтамасыз ету

Kahoot " - пен жұмыс

Жұмыс өтілі (егер бар болса):

(кері хроноогиялық тәртіпте жұмыс/практика/сынақ мерзімін, ұйым атауын, лауазымы мен негізгі міндеттерін көрсету; өзінің негізгі жетістіктерін көрсету; жұмыстың оң жетістіктеріне көңіл аудару; осы бос орын лауазымына немесе қызмет саласына ешқандай қатысы жоқ маңызсыз жұмыс өтілін көрсетпеу)

Шет тілдерін білу: қазақ тілі-еркін, орыс тілі-еркін, ағылшын жетік

Компьютермен және ұйымдастырушылық техникамен жұмыс істеу дағдылары: Microsoft Office (Excel, Word, Access, Power Point) Internet Explorer, Nero, Teamviewer RAD Studio XE7

Жеке ақпарат: байланысқа бейімділік, оңай үйрену, адалдық, жауапкершілік, топта жұмыс істей білу, дамуға ұмтылу.

Қосымша ақпарат: Мансап өсуімен тұрақты және қызықты жұмыс табу. Орта мектепте мұғалім ретінде баға жетпес тәжірибе жинаңыз.

 

Түйіндеме үлгісі

ФОТО

 

Аты-жөні: ________

Туған күні: 25.01.1992 ж

Отбасылық жағдайы: тұрмысқа шықпаған

Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Абай даңғылы 4, пәтер 60

Телефон: ________

Электрондық пошта: ________

Қалаулы лауазымы: Орыс тілі пәнінің мұғалімі

 

 

Білімі:

 

 

2010-2014 жыл - Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты

Мамандығы: Орыс тілі мен әдебиеті

 

Жұмыс тәжірибесі:

2014-2016 жыл - Қызылорда қаласының №45 орта мектебі

2017-2019 жыл - Дубовка жалпы білім беру мектебі

 

Жетістіктері:

2017 ж - Қалалық байқаудың «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» атағының жеңімпазы

 

Кәсіби дағдылары:

Ұйымдастыру қабілеттілігі;

Мұғалім мен оқушы арасындағы жақсы қарым-қатынасты қалыптастыру;

Қазіргі заманғы оқу әдістерін қолдану.

 

Жеке қасиеттері:

Жауапкершілік, балаларға деген сүйіспеншілік, еңбекқорлық және шыдамдылық. Өз жұмысымды жақсы көремін, балалармен жылдам тіл табыса аламын.

Компьютерді игеру:

Microsoft Office, Photoshop, интернеттің кез-келген браузерімен жұмыс жасау

 

Тілді білуі:

Ана тілі - қазақ тілі, орысша - еркін түрде

 

Құштарлығы:

Кітап оқу, қолөнермен айналысу, сурет салу

 

Түйіндемені жүктеу


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Әбіләз

Өте керемет екен, рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар