Кітап оқу - тренд пе?
Соңғы кезде бәрі жаппай кітап оқуға кірісті.
Сіз үшін кітап оқу не десең, “жай бәрі кітап оқиды, менде кітап оқиын дегенім” деп жауап береді.
Сонда кітап оқу шынымен трендпе әлде заман солай ма?
Трендте болу үшін, сән үшін оқыса оқысын.
Бірақ тренд үшін, мода үшін кітап оқу дұрыс емес секілді. Адам ең алдымен кітапты өзі үшін өзінің білімі үшін оқидығой.
Осы кезде мен өзімнің кішігірім кітап оқудағы немесе таңдаудағы құпияммен бөлісейін.☺️
Кітап - ол білім, уақыт, көзқарас, талғам.
Сондықтан кітап таңдар кезде оның мазмұнына мән беру керек.
• Нақты қай бағытта білім алып, кітап оқығыңыз келеді.
(Қарым қатынас, бала тәрбиесі, психология, әдебиет, қаржы…)
• Таңдаған кітаптың пікірлеріне назар аударыңыз.
• Автор туралы ізденіңіз.
• Кітапты өз фильтіріңізбен оқыңыз. Яғни өз көзқарасыңыз және құндылықтарыңыз бойынша саралай оқыңыз. Кітап оқығанда бір жақты ойламай, кейіпкерлерді жан жақты талдай біліңіз.
• Кітап оқығанда құр отырып оқи салмай, айналаңызға жайлылық (комфорт) жасап оқыңыз. Кофе немесе шай демдеңіз жеміс жидек қойыңыз. Қалам түрлі маркерлер дайындап асықпай оқыңыз.
• Кітап оқығанда күніне осынша бет оқимын деп жоспарлау ол қате. Керісінше бет санына емес уақытқа оқыған жөн.
Мысалы: күніне 15 минут, 30 минут кітап оқимын деп. Солай ақырындап қоса бересіз.
"Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов.
Төлеген Томирис
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі