Алаш қозғалысының қалыптасуы халықтың мыңдаған жылдық мемлекеттілігінің дәстүрін жаңғырту үшін күрес жолындағы ең маңызды кезең еді. Бұл жолда қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу ұлтжанды азаматтары жинала түсті. Сонау «Қазақ хандығы» кезіндегі байтақ даланы, тәуелсіздікті қайтарғысы келді. Алайда Ресей империясы оған мүмкіндік бермеді, есесіне қазақты одан сайын тонап, қинай түсті.
Алаш партиясын бірінші орыс революциясы кезінде құру ойластырылды. 1905-1907 жылдардағы оқиғалар, Бірінші дүниежүзілік соғыс, Ақпан және Қазан революциялары тарихтағы ірі толқулар қазақ халқының санасының оянуына ерекше серпін, қуат берді. Қазақстанның Омбы, Орынбор, Орал, Семей, Ташкент, Петропавл қалаларын да ашылған социал-демократтық ұйымдар жергілікті халықтың саяси көзқарасын өзгертуге жол ашты. Алаш партиясының көшбасшылары Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы болды. Партия құрылған сәттен бастап олар өздерінің 10 бөлімнен тұратын бағдарламасын 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетіне жариялады. Бағдарламаның мақсаты Ресей федеративтік республикасының құрамындағы қазақ автономиясын құру болды. Міндеттеріне келсек өз әскерін құру, кедейлерге көмектесу, білім беру, аграрлық қоныстандыру мәселесін шешуді міндеттеді. Осы Алаш партиясын қолдаған орыс ғалымы Г. Н. Потанин еді. Алаш сөзі қазақ деген мағынаға ие сондай-ақ ежелгі түрікі сөзі болып табылады. Ал қазақтарды бір ту астына жинаған алаш зиялыларының көзқарасы қандай болған?
Ахмет Байтұрсынұлы Алаш қозғалысы көшбасшыларының бірі және ХХ ғасыр басындағы көрнекті қоғамдық-саяси қайраткер. Бірінші орыс революциясы кезінде ол ерекше белсенділігімен көзге түсті. Мысалы, Қарқаралы петициясының құрастырылуына және оны билікке жеткізуге тікелей қатысты. 1913-1918 жылдары аралығында ол өзінің серіктестерімен бірге Орынбор қаласында жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрған. Көптеген қайраткерлер секілді, әбден шиеленіскен жер мәселесін шешуге басымдық берді. Оның пікірінше, қазақ ата-бабаларынан қалған жерін әрқашан құрметтеуі тиіс. Ол жерлестерін жерді мемлекет меншігіне өткізудің белгілі бір пайдасы бар екендігіне сендірді. Себебі ол жағдайда жерді ешкім сата да, жалға да бере алмайды. Сонымен қатар ол ана тілінің тазалығына ерекше мән берді. Бастауыш сыныптарда оқушыларды тек ана тілінде оқытуға шақырды оған дәлел:
«Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізде, сонан соң басқа тілде оқытуға тиіспіз» - деген сөзі.
Алдағы уақытта жаңа ұлттық мемлекет құратын жастарды білім алуға, қажетті мамандықты игеруге және бірлікке ұмтылуға үндеді: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді һәм күшті болуымыз керек, білімді болуға оқу керек, күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек». Ахмет Байтұрсынұлы туғанына 2024 жылы 152 жыл толды. Бірақ оның аты әлі күнге өшпек емес. Біз бүгін Ахаңның “Әдебиет танытқышын” Аристотель “Поэтикасымен” салыстырар едік. Мұның мәнісі- екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы әліп- билері”. Асылы, үздік қасиеттер бір- бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне солғұрлым ұқсас болады” дейді Зейнолла Қабдолов.
Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейін тарихи кезеңді қамтыды. Кеңестік билік алаштық атанған зиялылардың ең белсенді бөлігін, қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады.
Алаш қозғалысының мүшелері:
Ақбаев Жақып, Аманжолов Садық, Алмасов Омар, Байтұрсынұлы Ахмет, Бекімов Молданияз, Бірімжанов Ахмет, Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы, Боштаев Мұқыш, Досмұхамедов Жаһанша , Досмұхамедов Халел, Ермеков Әлімхан, Жақыпбаев Нүсіпбек, Жанайдаров Сейілбек, Жұмабаев Мағжан Бекенұлы, Итбаев Ережеп, Қадырбаев Сейдәзім, Қашқынбаев Иса, Кенжин Аспандияр, Мәметов Базарбай, Омаров Елдес, Сарсенов Биахмет, Сабатаев Сатылған, Солтоноев Белек, Танашев Уәлитхан, Тиесов Елдес Омаұлы, Тынышбайұлы Мұхаметжан, Тұрлыбаев Айдархан, Шонанов Телжан, Шоқай Мұстафа, Ғаббасов Халел, Құлманов Бақыткерей.
Алайда 1937-1938 жылдары "Алаш" партиясының жетекшілері түгелге жуық сталиндік қуғын-сүргін құрбанына айналды. Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Бірақ жүрегі қазақ деп соққан зиялылар үшін бұл түк емес еді . Ол партия да зиялы қауым да қазір ортамызда жоқ болсада, зиялыларымыз салып кеткен сара жолмен тәуелсіздікті қолға алдық. Алаш арыстары айтқан асыл сөзді әрқашан еске алып жүруміз керек. «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген Әлихан Бөкейханның бұл сөзінің астарында қаншама мағына жатыр десеңші. Алаштықтар арманы бүгінгі күн еді.
Алаш туы астында,
Біз алаштың баласы.
Күніміз туып көгерді,
Сарыарқаның даласы.
Құрт аурудай жайлаған,
Құртпаққа бізді ойлаған,
Қанымызға тоймаған,
Қолымызды байлаған,
Ерімізді айдаған,
Елімізді лайлаған.
Жерімізді шимайлаған,
Өшті залым қарасы.
Жасасын, алаш, жасасын!
Сұлтанмахмұд Торайғыров
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жанерке
Күшті Қарақат алғашқы мақалаң құтты болсын!Осы бетіңнен таймай алға қарай ұмтылуыңа тілектеспін,осындай керемет мақалаларың көп болсын жаным.Біз саған сенеміз!
Замзагүл
Жарайсың мақалаң көп болсын!!
Замзагүл
Ең маңызды қоғамға керек тақырып
Nurasy1_muz
Ой маладес қарақат ????????????????
Еділ
Өте жақсы. Жақсы тақырып, әр қазақ өз тарихын білу міндетті. Сенде сол аталарымыз сияқты еліңе, жеріңе, халқыңа қызмет ететін тұлғалардың бірі бол, Алла тағала өміріңе берекесін берсін.
Еділ
Өте керемет. Жақсы тақырып. Әр қазақ өз тарихын білу міндетті. Сенде сол аталарымыздай елім, жерім дейтін ұлы тұлғалардың бірі бол. Алла тағала берекесін берсін.
Дариға
Жарайсың мақалаларың көбейе берсін
Гүлжан
Жарайсың ,өте дұрыс тақырыпты таңдапсың,жастар өз тарихын білуі қажет.
Nuruslam
Жарайсын
Жаннат
Қарақат керемет! Қанатың талмасын. Биітерден көріне бер. Сенен мықты маман шығады. Біз саған сенеміз.
Райгул
Жарайсың!
Алғашқы мақалаң құтты болсын!
Алар асуларың биік болсын!
Жалғасын таба берсін!
Арман,мақсаттарың орындалып,мықты маман болуыңа тілектеспін!!!!!
Ибраhим
Жарайсың қарындасым Еліңе ,жеріңе халқыңа пайдаңды тигізер азаматша бол
Шұғыла
Қарақат мақалаң күшті жазылған екен
САМАЛ
Жарайсын !!! Тек алға!